Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 шілдеде № 13979 болып тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәденимұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 11851 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
____________ А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________ Қ. Бишімбаев

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ______________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 24 маусым

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 317 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлік кодексі) 141-бабының 3-тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) бақылау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін және оларды бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Осы Өлшемшарттарда мына ұғымдар пайдаланылған:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен;

      2) болмашы бұзушылықтар - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режиміне қатысты талаптарды бұзу;

      3) маңызды бұзушылықтар - монументтік өнер құрылыстарын орнату, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін, қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтауға қатысты, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына зиянды әсер ететін шараларға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар - тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттары мен осы қызметті лицензиялауды, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңды орнын ауыстыру және оны өзгерту, сондай-ақ олардың жай-күйінің толық жойылуға дейін нашарлауына соқтыратын шараларға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      5) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) - белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектіге (объектіге) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъект (объект) қызметінің нәтижелеріне байланысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

      Жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қолданылады.

      4. Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін талдау және бағалау нәтижесінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалайтын объективті өлшемшарттар

      6. Бақылау субъектілері (объектілері) объективті тәуекел өлшемдері негізінде екі дәрежелі тәуекелге бөлінеді - жоғары және жоғары дәрежеде жатқызылмаған.

      Уәкілетті органмен жүзеге асырылатын бақылау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне:

      1) жергілікті атқарушы органдар;

      2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар лицензиаттар жатады.

      Жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылатын бақылау үшін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жатады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      7. Объективті өлшемшарттар негізінде жоғары тәуекел дәрежесіне бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады.

3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалайтын субъективті өлшемшарттары

      8. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу туралы деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) субъективті өлшемшартарының тәуекел дәрежесін бағалау үшін мына ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері. Мұндай жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заң бұзушылықтың деңгейі (өрескел, маңызды, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заң талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы және саны;

      10. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің болмашы, маңызды немесе өрескел тобына жатқызу тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      11. Белгіленген тәуекел дәрежесінің көрсеткішіне сәйкес, бақылау субъект:

      1) 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатады және оған байланысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатпайды және оған байланысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың орындалмауы жағдайында қолданылады)

Уәкілетті орган үшін:

1

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензияның болуы

өрескел

2

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы

өрескел

3

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы

маңызды

4

Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болмауы

маңызды

5

Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

маңызды

6

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

өрескел

Жергілікті атқарушы орган үшін:

1

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы

өрескел

2

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болуы

маңызды

3

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы

болмашы

4

Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

маңызды

5

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болмауы

өрескел

6

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

өрескел

Жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

маңызды

2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      саласында/аясында 138-бабына сәйкес

      ________________________________________________________________________ қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау және (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

р/с

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензияның болуы

2

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы

3

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы

4

Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болмауы

5

Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

6

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ____________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________ ________________

      лауазымы                                    қолы

Жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағымен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      саласында/аясында 138-бабына сәйкес

      ________________________________________________________________________ қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау және (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

р/с

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы

2

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болуы

3

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы

4

Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

5

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болмауы

6

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ____________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________ ________________

      лауазымы                                                            қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады