Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14142 болып тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2018 № 340 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2018 № 340 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2018 № 340 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін оның көшірмелерін түпнұсқамен толық сәйкестікте графикалық форматта жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін электрондық және қағаз түрінде осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы тармақтпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
____________ А.Мұхамедиұлы
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      _________ С. Айтпаева

      2016 жылғы "__" _________



  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 195 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 18 шілдедегі
№ 323 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2018 № 340 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2016 жылғы 29 маусымдағы
  № 195 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2016 жылғы 18 шілдедегі
  № 323 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2018 № 340 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) тексеру туралы акт ___________________________

      _______________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________________

      ________________________________________________________________________

      бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі

      Орналасқан орнының мекенжайы __________________________________________

      ________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Лотерея операторының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін уәкілетті органға ақпаратты ұсыну жағдайын қоспағанда, лотереяны ұтқан қатысушы туралы мәліметтерді, егер оның жазбаша келісімі алынбаса, жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтауы





2

Лотерея операторының лотереялық ақпаратты өңдеу орталығының Қазақстан Республикасының аумағында орналасуы бойынша талаптарды сақтауы





3

Лотерея операторының лотерея жабдығына қойылатын талаптарды сақтауы:
1) техникалық сипаттамалар жүлде қорын ұтыс ойынына салу кезінде ұтыстарды бөлудің кездейсоқ болуын қамтамасыз етеді;
2) мұндай ұтыс ойынының басталуына дейін жүлделі қор ұтысын өткізу нәтижесін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін жасырын мүмкіндіктер және (немесе) рәсімдер мен алгоритмдердің болмауы;
3) лотерея мөлшерлемесін қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз етпеуге тиіс, сондай-ақ байланыс желісі арқылы лотерея терминалдарымен қосылмауға тиіс





4

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, атап айтқанда:
1) өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына шараларды жүзеге асыру:
жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу, оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ заңды мекенжайы;
клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту;
2) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін тиісті тексеруді жүзеге асыру





5

Лотерея операторының лотереяны өткізу шарттары мынадай мәліметтерді қамтитын талаптарды сақтауы:
1) лотереяның атауын;
2) лотерея түрінің көрсетілуін;
3) орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген лотерея операторының атауын;
4) лотерея өткізілетін мерзімдерді;
5) лотерея тұжырымдамасының сипаттамасын;
6) лотереяның ұйымдастырушылық-технологиялық сипаттамасын;
7) лотереяға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін;
8) ұтты деп танылған лотереяға қатысушыға ұтысты төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға сараптама жүргізу мерзімдерін;
9) лотереяға қатысушыларды лотереяға қатысу қағидалары және жүлде қорын ұтысқа салу нәтижелері туралы хабардар ету тәртібін;
10) лотерея билеттерін, түбіртіктерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу), лотерея мөлшерлемелерін қабылдау мен тіркеу тәртібін;
11) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың (лотерея мөлшерлемелерінің мөлшерін) бағасын;
12) ұтыстың мөлшері мен нысанын (ақшалай немесе заттай);
13) жүлде қорының жоспарланып отырған мөлшерін;
14) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібін, ұтыстарды айқындау алгоритмін, бас жүлдені (болған жағдайда) қалыптастыру мен ұтысқа салу қағидаларын





6

Лотерея операторының өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, нақты лотереяның тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсімнің кемінде елу пайызы мөлшерінде жүлде қорын қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сақтауы





7

Лотерея операторының ұтыстарды төлеуді жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтауы





8

Лотерея операторының лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды тиісті тираждың нәтижесі (жүлде қорын ұтысқа салу) жарияланған кезден бастап үш жыл бойы сақтау, сондай-ақ олар салықтық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есепке жатқызу бойынша талаптарды сақтауы





9

Лотерея операторының лотерея билеттерінде, түбіртектерде немесе өзге де құжаттарда мынадай міндетті ақпаратты қамту бойынша талаптарды сақтауы:
1) лотереяның атауы;
2) лотерея операторының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы;
3) тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін);
4) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі;
5) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
6) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін);
7) ұтысты алу орны мен мерзімдері туралы деректер;
8) жүлде қорының мөлшері





10

Тираждық комиссия мүшелерімен хаттаманы және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне қол қою арқылы тіркелетін лотерея билеттері, түбіртектері немесе өзге де құжаттары және (немесе) тіркелген лотерея ұтысы тиражының ойынында қатысатын санын растау бойынша тираждық комиссиясының міндеттерін сақтау





11

Лотерея операторының жүлде қорының әрбір ұтыс ойынын және лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, тираждық лотереяның тіркелген лотерея мөлшерлемелері бойынша ұтыстардың нәтижелерін лотерея операторы көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды немесе он екі сағат ішінде лотерея операторының интернет-ресурсында орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауы





12

Лотерея операторының өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын спортты дамытуға тоқсан сайын бағыттау міндетін сақтауы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Бақылау субъектінің басшысы ______________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады