Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 69 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17787 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттары);

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мерзімді баспа басылымдарына қатысты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ақпараттық агенттіктерге және желілік басылымдарға, интернет-ресурстарға қатысты тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. 2019 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Өлшемшарттарға 1-қосымшаның реттiк нөмiрi 4-жолын, 4-қосымшаның реттiк нөмiрi 4-жолын және осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның реттiк нөмiрi 4-жолын, баспа басылымдарына қатысты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының реттiк нөмiрi 4-жолын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_______________Д. Абаев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрі
______________Т. Сүлейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 69 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 69 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-бөлігіне және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) - мерзімді баспа басылымдары, ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар, интернет-ресурстар;

      2) елеусіз бұзушылық - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, оларды сақтамау халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудырмайтын, бірақ бұқаралық ақпарат құралдары субъектілерін (объектілерін) бақылауға өз қызметін жүзеге асыру кезінде орындалуы міндетті болып табылатын талаптар бұзушылықтары, сондай-ақ бір расталған өтініш пен шағымның болуы;

      3) елеулі бұзушылық - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне туындаған қауіптің алғышарттарын жасайтын талаптардың бұзылуы, сондай-ақ уәкілетті органның нұсқауларын орындамау, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты екі расталған шағым мен өтініштің болуы;

      4) өрескел бұзышылық - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған норманың сақталмауына байланысты талаптардың бұзылуы (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді), сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптардың бұзылуы, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты үш және одан да астам расталған шағымның немесе мен өтініштің болуы;

      5) тәуекел - бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі - бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі - объективті өлшемшарттар) - тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құрлдары туралы заңнамасының сақталуына байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілері (объектілері) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы - бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

      3. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекелді айқындау бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне бақылау субъектісінің (объектісінің) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату құқықтарына, сөз бен шығармашылық бостандығына, телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде жеке басының, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етпеумен байланысты қызметімен зиян келтіру ықтималдығына қарай жүзеге асырылады.

      5. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай бақылау субъектілері (объектілері):

      мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иелері жатады.

      6. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай бақылау субъектілері (объектілері):

      1) ақпараттық агенттіктердің меншік иелері;

      2) желілік басылымдардың меншік иелері;

      3) интернет-ресурстардың меншік иелері жатпайды

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар);

      бақылау субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы және олардың саны;

      бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      10. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары немесе жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жатқызу мына көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

      1) "бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқылдалады;

      2) "бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған шағымдардың не өтініштердің болуы және олардың саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      3) "бақылау субъектісі оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      4) "алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      5) "уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      11. Ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3, 1 және 5-қосымшаларға сәйкес тәуекел дәрежесі берілетін субъектвиті өлшемшарттар айқындалады.

      12. Субъективті өлшемшарттар:

      1) өрескел;

      2) елеулі;

      3) елеусіз бұзушылық дәрежелері бар, тексеру парақтарында санамаланған Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама және балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы заңнамалардың талаптары (бұдан әрі - Талаптар) негізінде әзірленді.

      Бұзушылықтар дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда келтірілген.

      13. бақылау субъектісін (объектіcін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тексерілетін бақылау субъектісіне (объектіcіне) тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәржесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРз - елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 - анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн -елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 - елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 - анықталған елеуліелеусіз бұзушылықтар саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін мына формула бойынша жинақтап қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн - елеусізелеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.

      14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткіш кезінде жоғары тәуекел дәрежесіне жатады және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      тәуекел дәрежесі 0-ден бастап 60-ты қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға жатады және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі жылына бір реттен жиі болуы мүмкін емес.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

"Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығуы

елеусіз

2.

Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілмеген тілде таратылуы

елеулі

3.

Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату

елеулі

4.

Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға тарату.

елеулі

5.

Алкоголь өнімін жарнамалау

өрескел

6.

Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалау

өрескел

7.

Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалау

өрескел

8.

Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыру

өрескел

9.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау

өрескел

10.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату

өрескел

11.

Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату

өрескел

12.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасы

өрескел

13.

Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану)

өрескел

  Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

"Бақылау субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін бір расталған өтініш пен шағымның болуы

елеусіз

2.

Бақыланатын субъектіге (объектіге) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, келіп түсетін екі расталған өтініш пен шағымның болуы

елеулі

3.

Бақыланатын субъектіге мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін үш немесе одан да көп расталған өтініштер мен шағымдардың болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

"Бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандарын ұсынбау

елеусіз

  Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша

"Алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Мерзімді баспасөз басылымдарға қатысты (төмендегі талаптардың сақталмауы кезінде бұзушылық ауыртпалығы орнатылады)

1.

Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығуына жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

елеусіз

2.

Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілмеген тілде таратылуына тыйым салу бойынша талаптың сақталуы

елеулі

3.

Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығаруға, дайындауға, таралымын көбейтуге және (немесе) таратуға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

елеулі

4.

Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға таратпау бойынша талаптың сақталуы

өрескел

5.

Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

6.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы жарнамалардың таралуына тыйым салу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

7.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратпау бойынша талаптың сақталуы

өрескел

8.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасына жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

9.

Мерзiмдi баспасөз басылымдарының тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандарын ұсыну бойынша талаптарды сақтау

елеусіз

10.

Алкоголь өнімінің жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

11.

Темекі және темекі бұйымдарының жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

12.

Электрондық казиноны және интернет-казино жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

13.

Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес,пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларға, шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тікелей және (немесе) жанама игеруге, пайдалануға, иемденуге және (немесе) басқаруға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

14.

Уәкілетті органның хабарламаларын, анықтамаларын, ұсынымдарын, ұйғарымдарын, қорытындыларын орындау бойынша талаптың сақталуы

өрескел

15.

Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату

өрескел

  Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
5-қосымша

"Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

1.

Қазақстан Республикасы аумағында желілік басылымдар меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының болуы

өрескел

2.

Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес,пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларда, шетелдік жеке және заңды тұлғаларда болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 69 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 69 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мерзімді баспасөз басылымдарға қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      _______________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      _____________________________________________________________________саласында/

      аясында

      138-бабына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      Қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығуына жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





2.

Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілмеген тілде таратылуына тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





3.

Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығаруға, дайындауға, таралымын көбейтуге және (немесе) таратуға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





4.

Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға таратпау бойынша талаптың сақталуы





5.

Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





6.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы жарнамалардың таралуына тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





7.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратпау бойынша талаптың сақталуы





8.

Өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасы таралмауы бойынша талаптың сақталуы





9.

Мерзiмдi баспасөз басылымдарының тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандарын ұсыну бойынша талаптарды сақтау





10.

Алкоголь өнімінің жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





11.

Темекі және темекі бұйымдарының жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





12.

Электрондық казиноны және интернет-казино жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





13.

Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес,пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларға, шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тікелей және (немесе) жанама игеруге, пайдалануға, иемденуге және (немесе) басқаруға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





14.

Уәкілетті органның хабарламаларын, анықтамаларын, ұсынымдарын, ұйғарымдарын, қорытындыларын орындау бойынша талаптың сақталуы





15.

Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау

      субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                        қолы

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 69 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 69 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын ақпараттық агенттіктерге және желілік басылымдарға, интернет-ресурстарға қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      _______________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      _____________________________________________________________________саласында/

      аясында

      138-бабына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      Қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспа басылымын шығаруды болдырмау, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын таратуға, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығарылуына жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





2.

Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығаруға, дайындауға, таралымын көбейтуге және (немесе) таратуға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





3.

Жұмысқа қабылдау үшін еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыруға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





4.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы жарнаманы таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





5.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратпау бойынша талаптың сақталуы





6.

Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын таратпау бойынша талаптың сақталуы





7.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын таратпау бойынша талаптың сақталуы





8.

Алкоголь өнімін жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





9.

Темекі және темекі бұйымдарының жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





10.

Электрондық казино мен интернет-казино жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





11.

Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша талаптарды сақтау (қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану)





12.

Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес,пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларға, шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тікелей және (немесе) жанама игеруге, пайдалануға, иемденуге және (немесе) басқаруға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





13.

Желілік басылымдар меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасуына тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





14.

Уәкілетті органның хабарламаларын, анықтамаларын, ұсынымдарын, ұйғарымдарын, қорытындыларын орындау туралы талаптың сақталуы





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                  қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау

      субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                        қолы

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады