Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17896 болып тіркелді.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12657 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрініңорынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауылшаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі ‒ Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына сәйкес әзірленді және бақылау субъектісінің (объектісінің) тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

      2) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;

      4) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол берілуі, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлікке жол берілуі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының болмауы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау органы өткізетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      3. Тәуекел дәрежелері бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) айқындау тәуекел дәрежесін бағалау бойынша объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай екі тәуекел тобына бөлінеді:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылғандар – аңшылық шаруашылығымен, кәсіпшілік балық аулаумен және ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің және энергетиканың мұқтаждығы үшін су алумен, ғылыми-зерттеу мақсатында балық аулаумен айналысатын субъектілер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар;

      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағандар – жануарлар дүниесі объектілерін қамап және жартылай ерікті жағдайда бағып-күтумен, өсірумен, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастырумен, табиғи су айдындарында акваөсірумен айналысатын субъектілер, сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумына оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары, биологиялық орталықтар.

      5. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау субъектілері (объектілері) екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттар мына көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:

      1) бақылау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      2) бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы және олардың саны;

      4) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілері санының азаюы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;

      5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным).

      8. 7-тармақта айқындалған ақпарат көздерінің негізінде мынадай субъективті өлшемшарттар айқындалады:

      1) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау;

      2) осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесі бағалау;

      3) осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесі бағалау.

      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ге дейінгі (қоса алғанда) көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға жатады.

      10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      11. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      12. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап ететін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      13. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРб = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап ететін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРе + SРб,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылған субъективті өлшемшарт деректері қолданылмайды.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіштері бар бақылау субъектілерінің (объектілерінің) басымдылығы ескеріле отырып жасалады.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселілігі жылына бір реттен жиі болмайды.

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

1

Шаруашылықiшiлiк аңшылық ісін жүргiзу

Өрескел

2

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы

Елеулі

3

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

4

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттардың болуы

Елеулі

5

Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілгеннен артық жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу

Өрескел

6

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу

Өрескел

7

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету

Өрескел

8

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактілеріне жол берілуі

Өрескел

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау субъектілері (объектілері) беретін есептілік мониторингінің нәтижелері

9

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алу мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

10

Браконьерлікпен күрес туралы мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

3. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

11

Аң аулауды ұйымдастыру және аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) расталған бір шағымның болуы

Елеулі

4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы

12

Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және аңшылық алқаптарда биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы

Өрескел

5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным)

13

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың ұсынымдарын орындамау

Өрескел

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
  2-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы

Өрескел

2

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы

Елеулі

3

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

4

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттардың болуы

Елеулі

5

Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілгеннен артық жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу

Өрескел

6

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу

Өрескел

7

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету

Өрескел

8

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы

Болмашы

9

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы

Елеулі

10

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы

Өрескел

11

Су тарту құрылысжайларында балық қорғау құрылғыларының (бөгегіш, қоршағыш, шоғырлаушы) болуы

Өрескел

12

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз балық аулау фактілеріне жол берілуі

Өрескел

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау субъектілері (объектілері) беретін есептілік мониторингінің нәтижелері

13

Пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

14

Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қорықшылық қызметтері туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

15

Пайдаланушылардың ағымдағы жылы балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемінің орындалуы туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

16

Пайдаланушылардың балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің барлық кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемдері туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

17

Пайдаланушылардың материалдық-техникалық жарақталуы туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

18

Балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

19

Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

3. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

20

Балық аулауды ұйымдастыру және балық шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) расталған бір шағымның болуы

Елеулі

4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы

21

Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы

Өрескел

5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным)

22

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындамау

Өрескел

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Жергілікті атқарушы органдарға қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

1

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету

Өрескел

2

Бір облыстың аумағында орналасқан жергілікті және халықаралық маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурс өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету (алдағы конкурс туралы хабарландыруды орналастыру, өтінімді тіркеу, конверттерді ашу, конверттерді ашу хаттамасын орналастыру, конкурстың қорытындыларын орналастыру, бекiтiп беру туралы шешiм қабылдау, шарт жасау)

Өрескел

3

Жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету

Елеулі

4

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету

Өрескел

5

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аулау фактілеріне жол берілуі

Өрескел

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау субъектілері (объектілері) беретін есептілік мониторингінің нәтижелері

6

Жануарлар дүниесін пайдаланушылар бөлінісінде берілген рұқсаттардың пайдаланылуы туралы мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

3. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

7

Бақылау субъектісіне (объектісіне) расталған бір шағымның болуы

Елеулі

4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы

8

Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы

Өрескел

5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным)

9

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындамау

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылау тағайындау туралы акт _________________________

                                                (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы __________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Шаруашылықiшiлiк аңшылық ісін жүргiзу





2

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы





3

Орнатылған аншлагтардың болуы





4

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттардың болуы





5

Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілгеннен артық жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу





6

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу





7

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету





8

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактілеріне жол берілуі





      Лауазымды адам (дар) ____________________ _______________________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

      ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________________________

                                                (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

                              (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылау тағайындау туралы акт _________________________

                                                (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы __________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы





2

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы





3

Орнатылған аншлагтардың болуы





4

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттардың болуы





5

Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілгеннен артық жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу





6

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу





7

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету





8

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы





9

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы





10

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы





11

Су тарту құрылысжайларында балық қорғау құрылғыларының (бөгегіш, қоршағыш, шоғырлаушы) болуы





12

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз балық аулау фактілеріне жол берілуі





      Лауазымды адам (ар) ____________________ _______________________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

      _______________________________________________________________

                        (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________________________

                                                      (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

                              (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Жергілікті атқарушы органдарға қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылау тағайындау туралы акт _________________________

                                                (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы __________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету





2

Бір облыстың аумағында орналасқан жергілікті және халықаралық маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурс өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету (алдағы конкурс туралы хабарландыруды орналастыру, өтінімді тіркеу, конверттерді ашу, конверттерді ашу хаттамасын орналастыру, конкурстың қорытындыларын орналастыру, бекiтiп беру туралы шешiм қабылдау, шарт жасау)





3

Жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету





4

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету





5

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактілеріне жол берілуі





      Лауазымды адам (дар) ____________________ _______________________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

      ________________________________________________________________

                        (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________________________

                                                      (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

                        (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады