Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 мамырда № 18616 болып тіркелді.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабелдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орман кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-2/1131 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 809 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12661 болып тіркелген, 2016 жылдың 16 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
________________ С. Омаров

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 сәуірдегі
№ 30 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту қағидаларына сәйкес, су қорын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабелдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орман кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – арнайы су пайдалануды, гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануды, жерүсті су ағыстарын реттеуді, өндірістік және техникалық қажеттіліктерге (алғашқы су пайдаланушылар) сумен жабдықтау жүйелерінен су алу үшін су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдалануды, ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдар;

      2) болмашы бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде белгіленген су сервитуттарын сақтамау, жерасты суларын байқайтын және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі режимдік байқаушы тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін жою немесе зақымдау бөлігінде бұзу;

      3) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын мынадай бөлігінде бұзу:

      суды өлшеу, алу, тастау орындарының нөмірленуі, сондай-ақ осындай суларды екінші рет қолданатын су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптары көрсетілген, суды алуды немесе тастауды жүзеге асыратын су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғыларының орналасу схемаларының болмауы;

      суды алғашқы есепке алу журналының болмауы;

      әрбір су жинайтын құрылысжайда және ағынды суларды жіберуде су шығындарын өлшеу кезеңділігін сақтамау;

      есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде суды алғашқы есепке алу бойынша анық және толық ақпараттың берілмеу;

      суды тұтынуды және тастауды есепке алуға арналған өлшеу құралдарының бұзылуы және мемлекеттік аттестацияны өткізбеу, сондай-ақ пломбылардың тұтастығы мен сақталуын бұзу;

      арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген шарттарды орындамау, сондай-ақ су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру, технологиялық, орманмелиоративтік, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шараларды өткізбеу;

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруға келісімнің, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарының болмауы;

      белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының және экономика салаларының объектілері құрылысының, реконструкциясының, техникалық қайта жарақтануының оған сәйкес болмауы;

      жаңадан енгізілетін және реконструкцияланған кәсіпорындар мен объектілерде су объектілерінің ластануын, қоқыстануын болдырмайтын құрылысжайлар мен қондырғылардың болмауы;

      су заңнамаларының су ресурстарын есепке алу және қорғау бөлігіндегі талаптарын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан шағымдар мен арыздардың, сондай-ақ ақпараттың болуы;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары – (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) бақылау субъектілерін (объектілерін) белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай іріктеу үшін пайдаланылатын және жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді болып табылмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) өрескел бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын:

      арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың болмауы;

      арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерін сақтамау;

      су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында уәкілетті органның ведомствосымен су тұтыну мен су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болмауы;

      су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарттың болмауы;

      су қоймаларын пайдаланудың бекітілген режимінің бұзылуы;

      су қоймаларын пайдаланудың бекітілген режимінің болмауы;

      судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғыларды жарамсыз күйде ұстау;

      су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарына мониторинг жүргізбеу;

      су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемшарттарына түзетулер жүргізбеу;

      су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының көп факторлы зерттеп-қарауын жүргізбеу;

      бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясының, сондай-ақ онда толық және (немесе) анық ақпараттың болмауы;

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулықты орындамау және (немесе) дұрыс орындамау;

      су заңнамаларының су ресурстарын пайдалану және су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану қауіпсіздігі бөлігіндегі талаптарын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан шағымдар мен арыздардың, сондай-ақ ақпараттың болуы бөлігінде бұзу;

      6) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел – салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, халықтың сумен қамтамасыз етілуінің төмендеу, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылуының пайда болу, су пайдаланушылардың бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алу құқығының бұзылу, сондай-ақ су пайдаланушылар қызметінің нәтижесінде елді мекендерге судың зиянды әсер ету, су объектілерінде және су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізуге келісу болмау, адамдардың қаза болуына, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтіруге алып келуі мүмкін гидротехникалық құрылысжайлардағы төтенше жағдайлардың туындау және алдын алу ықтималдығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілері (объектілері) қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі, оларды сақтамау адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіреді.

      3. Бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша су объектілерінің стратегиялық маңыздылығына және су алу көлемдеріне байланысты барлық бақылау субъектілері тәуекелдің екі дәрежесі бойынша бөлінеді:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесі – бақылау субъектілері (объектілері), олар:

      ерекше мемлекеттік маңызы бар су қорғау аймақтары, белдеулері шегінде және су объектілерінде, сондай-ақ кіші су объектілерінде шаруашылық қызметті жүзеге асырады;

      ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайлары мен ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне жатқызылған объектілерді пайдаланады;

      І, ІІ, ІІІ класты, сондай-ақ төтенше жағдайларда жоғары қауіптілікті ІV класты бөгеттерді пайдаланады;

      тәулігіне 1 мың текше метрден аса жерасты және жерүсті суларын жинауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады;

      2) тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатпайтындар – бақылау субъектілері (объектілері), олар:

      ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінде және су қорғау аймақтарында, белдеулерінде, сондай-ақ кіші су объектілері шегінде шаруашылық қызметті жүзеге асырады;

      ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайлары мен ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне жатқызылмаған объектілерді пайдаланады;

      төтенше жағдайларда жоғары қауіптілікті болдыртпайтын ІV класты бөгеттерді пайдаланады;

      тәулігіне 1 мың текше метрден аз жерасты және жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады;

      5. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      7. Тәуекелдер дәрежесін айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алғашқы есепке алуды жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулердің, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы. Қолайсыз оқиғаларға авариялар, оқиғалар, апаттар, су шаруашылығы құрылысжайларындағы инциденттер жатады;

      4) жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түскен бақылау субъектілеріне расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны;

      5) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 49-бабының 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер беретін мәліметтерді талдау нәтижелері.

      8. Осы өлшемшарттардың 7-тармағында анықталған ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      9. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0–ден 100–ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Бір өрескел бұзушылық айқындалған кезде субъекті тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңестіріледі және оған қатысты субъектіге (объектіге) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффиценті колданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


Ре – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


Рб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 –анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен анықталады:


      мұндағы:


Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Ре – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Рб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша субъект (объект) мыналарға жатады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – 61-ден 100-ге қоса алғанда дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтынға – 0-ден 60-қа қоса алғанда дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектіге) барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша және жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      Тәуекелдер дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер пайдаланылмайды.

      11. Бақылау субъектісіне (объектіге) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптасатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Қазақстан Республикасының
су қорын пайдалану және
қорғау, бөгеттер қауіпсіздігі
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Субъективті өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. "Алғашқы есепке алуды жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төмендегі талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Әр су жинақтайтын құрылысжайда және сарқынды суларды шығаруда су шығындарын өлшеу кезеңділігін сақтау

Елеулі

2

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде суды алғашқы есепке алу бойынша анық және толық ақпаратты беру

Елеулі

3

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су беру лимиттерін сақтау

Өрескел

2. "Алдыңғы тексерістердің, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төмендегі талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Су ресурстарын алу және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты

1

Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде белгіленген су сервитуттарын сақтау

Болмашы

2

Жерасты суларына арналған байқайтын және режимді ұңғымаларды, су объектілеріндегі байқайтын режимді тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін жою немесе бүлдіру

Болмашы

3

Суды өлшеу, жинау және ағызу орындарының нөмірленуін көрсете отырып, су алуға немесе ағызуға септігін тигізетін су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ осындай суларды қосалқы су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасының болуы

Елеулі

4

Суды алғашқы есепке алу журналының болуы

Елеулі

5

Әр су жинақтайтын құрылысжайда және сарқынды суларды шығаруда су шығындарын өлшеу кезеңділігін сақтау

Елеулі

6

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде суды алғашқы есепке алу бойынша анық және толық ақпаратты беру

Елеулі

7

Ақауы жоқ, мемлекеттік аттестациядан өткен суды тұтынуды және бұруды есепке алуға арналған өлшеуіш құралдардың, сондай-ақ бүтін және бүлінбеген пломбылардың болуы

Елеулі

8

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген шарттардың орындалуын, сондай-ақ су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды жүзеге асыратын ұйымдастыру, технологиялық, орман мелиоративтік, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шаралардың өткізілмегенін растайтын құжаттар

Елеулі

9

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың болуы

Өрескел

10

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерін сақтау

Өрескел

11

Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында уәкілетті органның ведомствосымен су тұтыну мен су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы

Өрескел

12

Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарттың болуы

Өрескел

13

Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимін сақтау

Өрескел

14

Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимінің болуы

Өрескел

15

Судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғыларды жұмысқа жарамды күйде ұстау

Өрескел

16

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарына мониторинг жүргізу

Өрескел

17

Су шаруашылығы жүйелерінің қауіпсіздігі өлшемшарттарына түзету жүргізу

Өрескел

18

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларына көп факторлы зерттеп-қарау өткізу

Өрескел

19

Толық және анық ақпараттан тұратын бөгеттер қауіпсіздігі декларациясының болуы

Өрескел

20

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындау

Өрескел

Су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабельдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орманды кесу, бұрғылау және өзге жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты

21

Кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруға келісімнің, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жағдайдың болуы

Елеулі

22

Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының және оған экономика салалары объектілерінің құрылысы, реконструкциясы, техникалық қайта жарақтануының сәйкес болуы;

Елеулі

23

Жаңадан енгізілетін және реконструкцияланған кәсіпорындар мен объектілерде су объектілерінің ластануын, қоқыстануын болдырмайтын құрылысжайлар мен қондырғылардың болуы

Елеулі

3. "Бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы" ақпарат көзі бойынша

1.

Ғимараттар мен құрылысжайлардың су басуына, судың астында қалуына және бұзылуына, сондай-ақ су объектілері жағалауларының бұзылуына әкелетін су шаруашылығы құрылысжайларындағы оқиғалар

Өрескел

4. "Бақылау субъектілеріне қатысты жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түсетін расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны" ақпарат көзі бойынша

1

Әр су жинақтайтын құрылысжайда және сарқынды суларды тастауда су шығындарын өлшеу кезеңділігінің сақталмау, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде суды алғашқы есепке алу бойынша анық және толық ақпаратты беру мерзімдерінің сақталмау, ақауы бар, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аттестациядан өтпеген суды тұтынуды және бұруды есепке алуға арналған өлшеуіш құралдардың болу, сондай-ақ пломбылардың бүтіндігінің және сақталуының бұзылуы, оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде белгіленген су сервитуттарының сақталмау, жерасты суларына арналған байқайтын және режимдік ұңғымалардың, су объектілеріндегі байқайтын режимдік тұстамалардың, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерінің жойылу немесе бүліну фактісі бойынша бір немесе одан да көп шағымның болуы

Елеулі

2

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруға келісімнің, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жағдайлардың болмау, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының және экономика салалары объектілерінің құрылыс, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтаудың оған сәйкес болмау, жаңадан енгізілетін және реконструкцияланған кәсіпорындар мен объектілерде су объектілерінің ластануын, қоқыстануын болдырмайтын құрылысжайлар мен қондырғылардың болмау фактісі бойынша бір және одан көп шағымның болуы

Елеулі

3

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген шарттардың орындалмау, су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру, технологиялық, орман мелиоративтік, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шараларды өткізбеу фактісі бойынша бір және одан көп шағымның болуы

Елеулі

4

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың болмауы, арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталмау, су қоймаларын пайдаланудың бекітілген режимінің болмауы не сақталмауы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында уәкілетті органның ведомствосымен су тұтыну мен су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болмауы, су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарттың болмауы бойынша бір немесе одан көп шағымның болуы

Өрескел

5

Су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды жұмысқа жарамсыз күйде ұстау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарына мониторинг, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарына түзету, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларына көп факторлы зерттеп қарау жүргізбеу, бөгеттер қауіпсіздігі декларациясының не толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтыған бөгеттер қауіпсіздігі декларациясының болмау фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымның болуы

Өрескел

5. "Уәкілетті органдар және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша

1

Әр су жинақтайтын құрылысжайда және сарқынды суларды тастауда су шығындарын өлшеу кезеңділігінің сақталмау, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде суды алғашқы есепке алу бойынша анық және толық ақпаратты беру мерзімдерінің сақталмау, ақауы бар, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аттестациядан өтпеген суды тұтынуды және бұруды есепке алуға арналған өлшеуіш құралдардың болу, сондай-ақ пломбылардың бүтіндігінің және сақталуының бұзылу, оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде белгіленген су сервитуттарының сақталмау, жерасты суларына арналған байқайтын және режимдік ұңғымалардың, су объектілеріндегі байқайтын режимдік тұстамалардың, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерінің жойылу немесе бүліну фактісі бойынша мәліметтердің болуы

Елеулі

2

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруға келісімнің, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жағдайлардың болмау, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының және экономика салалары объектілерінің құрылыс, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтаудың оған сәйкес болмау, жаңадан енгізілетін және реконструкцияланған кәсіпорындар мен объектілерде су объектілерінің ластануын, қоқыстануын болдырмайтын құрылысжайлар мен қондырғылардың болмау фактісі бойынша мәліметтердің болуы

Елеулі

3

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген шарттардың орындалмау, су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру, технологиялық, орман мелиоративтік, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шараларды өткізбеу фактісі бойынша мәліметтердің болуы

Елеулі

4

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың болмауы, арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталмауы, су қоймаларын пайдаланудың бекітілген режимінің болмауы не сақталмауы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында уәкілетті органның ведомствосымен су тұтыну мен су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болмауы, су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарттың болмауы бойынша мәліметтердің болуы

Өрескел

5

Су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды жұмысқа жарамсыз күйде ұстау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарына мониторинг, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарына түзету, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларына көп факторлы зерттеп қарау жүргізбеу, бөгеттер қауіпсіздігі декларациясының не толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтыған бөгеттер қауіпсіздігі декларациясының болмау фактісі бойынша мәліметтердің болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 сәуірдегі
№ 30 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) қолдануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
      __________________________________________________________________
      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеруді/профилактикалық
      бақылауды тағайындау туралы акт ________________________________________
                                          (№, күні)
      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________
      __________________________________________________________________
      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
      сәйкестендіру нөмірі____________________________________________________________
      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде белгіленген су сервитуттарын сақтау





2

Жерасты суларына арналған байқайтын және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі бақйқайтын режимдік тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін жою және бүлдіру





3

Суды өлшеу, жинау және ағызу орындарының нөмірленуін көрсете отырып, су алуға немесе ағызуға септігін тигізетін су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ осындай суларды қосалқы су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасының болуы





4

Суды алғашқы есепке алу журналының болуы





5

Әр су жинақтайтын құрылысжайда және сарқынды суларды тастауда су шығындарын өлшеу кезеңділігін сақтау





6

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде суды алғашқы есепке алу бойынша анық және толық ақпаратты беру





7

Ақауы жоқ мемлекеттік аттестациядан өткен суды тұтынуды және бұруды есепке алуға арналған өлшеуіш құралдардың, сондай-ақ бүтін және бүлінбеген пломбылардың болуы





8

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген шарттардың орындалуын, сондай-ақ су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды жүзеге асыратын ұйымдастыру, технологиялық, орман мелиоративтік, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шаралардың өткізілгенін растайтын құжаттар





9

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың болуы





10

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерін сақтау





11

су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында уәкілетті органның ведомствосымен су тұтыну мен су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы





12

Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға су объектісін беру туралы шарттың болуы





13

Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимін сақтау





14

Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимінің болуы





15

Судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғыларын жұмысқа жарамды күйде ұстау





16

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарының мониторингін жүргізу





17

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігі өлшемшарттарының түзетуін жүргізу





18

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының көпфакторлы зерттеп-қарауын жүргізу





19

Толық және (немесе) анық ақпаратты қамтитын бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясының болуы





20

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындау





      Лауазымды адам (-дар)__________________________ ________________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

      _______________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің басшысы_______________________ _______________

                                          (лауазымы)                   (қолы)

      _________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 сәуірдегі
№ 30 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабельдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орманды кесу, бұрғылау және өзге жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
      __________________________________________________________________
      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеруді/профилактикалық
      бақылауды тағайындау туралы акт_________________________________________
                                          (№, күні)
      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________
      _________________________________________________________________
      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
      сәйкестендіру нөмірі____________________________________________________
      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруға келісімнің, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жағдайдың болуы





2

Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуы және экономика салалары объектілері құрылысының, реконструкциясының, техникалық қайта жарақтануының оған сәйкес болуы





3

Жаңадан енгізілген және реконструкцияланған кәсіпорындар мен объектілерде су объектілерінің ластануын, қоқыстануын болдырмайтын құрылысжайлар мен құрылғылардың болуы





      Лауазымды адам (-дар)________________________       _____________________
      (лауазымы)                         (қолы)
      ___________________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
      Бақылау субъектісінің басшысы_______________________       _______________
      (лауазымы)                   (қолы)
      ___________________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады