Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 тамызда № 19262 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев
     
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

      2019 жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 602 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 72 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысанын қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әскери міндеттілерді броньдау – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға еңбек ресурстарын бекітіп беру;

      2) бақылау субъектілері – қызметіне әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтау саласындағы бақылау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      3) болмашы бұзушылықтар – Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді броньдау қағидаларында және Әскери есепке алу қағидаларында көзделген есептілікті ұсыну мерзімдері мен толықтығын, нысандарды жүргізу және толтыру дұрыстығын бұзумен әскери есепке алуды сақтау саласындағы талаптарды бұзу, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;

      4) елеулі бұзушылық – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әскери есепке алу қағидалары) көзделген әскери есепке алуды сақтау саласындағы талаптарды бұзу, сондай-ақ Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді броньдау қағидаларының талаптарын бұзу;

      5) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын әскери есепке алуды сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

      6) тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде мемлекеттің қорғаныс қабiлетінің мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      7) тәуекелдерді бағалау жүйесі – заңды тұлғаларға қатысты бақылау субъектісіне барумен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тексерулерді және профилактикалық бақылауды тағайындау мақсатында жергілікті әскери басқару органдары жүргізетін іс-шаралар кешені;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тексеру парағы – оларды сақтамау мемлекеттің қорғаныс қабiлетіне қатер төндіруге әкеп соқтыратын бақылау субъектісінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын тізбе.

      3. Субъектіге барумен профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      4. Ұйымдардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің мүдделеріне қолайсыз салдардың болу ықтималдығының өлшемшарты бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттар бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған) бөлу мақсатында әзірленді.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай субъектілер жатады:

      1) кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) жұмыс істейтін әскери міндеттілердің санына қарамастан, қызметінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында азаматтарды броньдау көзделген заңды тұлғалар.

      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілеріне қатысты субъектіге барумен профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      8. Субъектіге барумен профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

      9. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға мынадай субъектілер жатады:

      1) әскери есепке алуды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) әскери міндеттілер;

      3) әскерге шақырылушылар.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      10. Бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу үшін жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылғандардың объективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілерін бөлу және іріктеу субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.

      11. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі, оның ішінде жергілікті әскери басқару органдары жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулер және субъектіге барумен профилактикалық бақылау нәтижелері;

      3) бақылау субъектілерінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің бар болуы мен саны;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда және өзге де ақпарат көздерінде орналастырылған, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу мәселелері бойынша бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар ұсынатын ақпаратты талдау.

      12. Субъективті өлшемшарттарды бұзу дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді және орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағын айқындау жолымен тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде пайдаланылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесі көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


– елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

– бақылау субъектісіне қойылған талап етілетін елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

– анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


– болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

– бақылау субъектісіне қойылған талап етілетін болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

– анықталған болмашы бұзушылықтар саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші

0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен айқындалады:


      мұнда:


– тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

– елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

– болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      13. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ге дейінді қоса алғанда болған және оған қатысты бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізілетін кезде;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінді қоса алғанда болған және оған қатысты бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізілмейтін кезде.

      14. Талдау және бағалау кезінде нақты субъектіге қатысты бұдан бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      15. Субъектіге барумен профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын субъектіге барумен профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      16. Субъектілерге барумен профилактикалық бақылау жүргізу тізімдерін субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесінің ең үлкен көрсеткішін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және жергілікті әскери басқару органдары жасайды.

  Ұйымдардың, әскери
міндеттілер мен әскерге
шақырылушылардың әскери
міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларын
сақтауына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Р/с№

Тәуекел дәрежесінің субъективті бағалары

Бұзушылық дәрежесі

1.Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері

1.

1 қыркүйекке дейін 15 – 16 жастағы азаматтардың тізімін ұсынылмауы.

елеулі

2.

1 желтоқсанға дейін келесі жылы әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге және әскери есепке қойылуға жататын азаматтардың тізімін ұсынылмауы.

елеулі

3.

Ай сайын 25-і күніне қарай жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан шығарылған (оқу орындарынан шығарылған) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді ұсынылмауы.

болмашы

4.

15 қаңтарға дейін жұмыскерлердің (студенттердің), оның ішінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында броньдалғандардың саны туралы мәліметтерді ұсынылмауы.

елеулі

2. Алдыңғы тексерулер және профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде аталған талаптарды (индикаторларды) сақтамау кезінде белгіленеді)

5.

Бірінші басшының әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді броньдауға жауапты лауазымды адамды тағайындау туралы бұйрығының бар болуы.

өрескел

6.

Белгіленген нысанға сәйкес персоналдың жеке карточкалары картотекасының бар болуы.

елеулі

7.

Белгіленген нысанға сәйкес мерзімді әскери қызметке даярлауға жататын жасөспірімдер тізімінің бар болуы.

елеулі

8.

Жыл сайын персоналдың жеке карточкаларын жергілікті әскери басқару органдарының есепке алу деректерімен салыстырып белгілеудің бар болуы.

өрескел

9.

Әскери билеттерді қабылдау кезінде салыстырып тексеруге қолхаттардың бар болуы.

болмашы

10.

Жергілікті әскери басқару органына шақырылатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу кітабының бар болуы.

болмашы

11.

Белгіленген нысанға сәйкес әскери міндеттілерді әскери есепке алудың және броньдаудың жай-күйін тексеру журналының бар болуы.

болмашы

12.

Соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмылдыру бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктің бар болуы.

өрескел

13.

Броньдауға жататын әскери міндеттілер тізімдерінің бар болуы.

өрескел

14.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді беру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бар болуы.

елеулі

15.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді беруге ведомостар бланкілерінің бар болуы.

болмашы

16.

Есепке алу және қатаң есептілік бланкілерін сақтау кітабының бар болуы.

елеулі

17.

Бақылау субъектісіндегі қатаң есептілік бланкілерін есепке алудың (саны, нөмірлері) жергілікті әскери басқару органындағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алуға (саны, нөмірлері) сәйкес келуі.

өрескел

18.

Әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімінің бар болуы және кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің оны тиісті түрде жүргізуі.

елеулі

19.

Әскери міндеттілерді бастапқы есепке алу карточкаларының бар болуы және кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің оны тиісті түрде жүргізуі.

елеулі

3. Шағымдар мен өтініштердің бар болуы мен саны

20.

Құқықтары бұзылған заңды және (немесе) жеке тұлғалардың үш және одан да көп расталған шағымдары мен өтініштерінің бар болуы.

өрескел

21.

Құқықтары бұзылған заңды және (немесе) жеке тұлғаның екіге дейін расталған шағымдары мен өтініштерінің бар болуы.

болмашы

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған ақпаратты талдау

22.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу мәселелері бойынша заңды және (немесе) жеке тұлғаларға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және өзге де көздерде расталған сыни жарияланымдар.

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 602 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 72 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________ қатысты

                        (бақылау субъектілері біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне барумен тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның БСН-ы

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жердің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

1 қыркүйекке дейін 15 – 16 жастағы азаматтардың тізімін ұсыну.





2.

1 желтоқсанға дейін келесі жылы әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге және әскери есепке қойылуға жататын азаматтардың тізімін ұсыну.





3.

Ай сайын 25-і күніне қарай жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан шығарылған (оқу орындарынан шығарылған) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді ұсыну.





4.

15 қаңтарға дейін жұмыскерлердің (студенттердің), оның ішінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында броньдалғандардың саны туралы мәліметтерді ұсыну.





5.

Бірінші басшының әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді броньдауға жауапты лауазымды адамды тағайындау туралы бұйрығының бар болуы.





6.

Персоналдың жеке карточкалары картотекасының бар болуы және оны тиісті түрде жүргізу.





7.

Мерзімді әскери қызметке даярлауға жататын жасөспірімдер тізімінің бар болуы және оны тиісті түрде жүргізу.





8.

Жыл сайын персоналдың жеке карточкаларын жергілікті әскери басқару органының есепке алу деректерімен салыстырып тексеруді жүргізу.





9.

Әскери билеттерді қабылдау кезінде салыстырып тексеруге қолхаттардың бар болуы.





10.

Жергілікті әскери басқару органына шақырылатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу кітабының бар болуы.





11.

Әскери міндеттілерді әскери есепке алудың және броньдаудың жай-күйін тексеру журналының бар болуы және оны тиісті түрде жүргізу.





12.

Азаматтық мамандықтар мен лауазымдардың Броньдауға жататын лауазымдар мен мамандықтардың тізбелеріне сәйкес келуін айқындау.





13.

Броньдауға жататын әскери міндеттілер тізімдерінің бар болуы.





14.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді беру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының бар болуы.





15.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді беруге ведомостар бланкілерінің бар болуы.





16.

Есепке алу және қатаң есептілік бланкілерін сақтау кітабының бар болуы.





17.

Бақылау субъектісіндегі қатаң есептілік бланкілерін есепке алудың (саны, нөмірлері) жергілікті әскери басқару органындағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алуға (саны, нөмірлері) сәйкес келуі.





18.

Әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімінің бар болуы және кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің оны тиісті түрде жүргізуі.





19.

Әскери міндеттілерді бастапқы есепке алу карточкаларының бар болуы және кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің оны тиісті түрде жүргізуі.





      Лауазымды адам (дар) _____________________________ _____________

                                    (лауазымы)                         (қолы)

                              ___________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

                              _____________________________ _____________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

                              ___________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады