Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 22602 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тексеру парағы;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _______А. Иргалиев
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2021 жылғы 21 сәуірдегі
  № 45 мен
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2021 жылғы 2 сәуірдегі
  № 298 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      ____________________________________________________________________

      138-бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      ____________________________________________________________ қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті_________________________________________ күні №

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________


Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді

1

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасау





2

Аудит міндетті болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілік депозитарийіне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті ұсынуы





3

Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы





4

Жария мүдделі ұйым басшылығының және бас бухгалтерінің кәсіби бухгалтер болып табылатын қаржылық есептілікке қол қоюы





5

Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі





      Лауазымды адам (дар)_______________________________ ______________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің басшысы__________________________ ___________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2021 жылғы 21 сәуірдегі
  № 45 мен
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2021 жылғы 2 сәуірдегі
  № 298 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      ____________________________________________________________________

      138-бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      ____________________________________________________________ қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті_________________________________________ күні №

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________


Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді

1

Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болуы





2

Жұмыс органдарының болуы:
1) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша;
2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша;
3) әдеп мәселелері бойынша;
4) дауларды қарау бойынша





3

Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы





4

Кәсіби ұйымдар аккредиттеу сәтінен бастап бір ай ішінде Консультациялық органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, не The Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) дипломын, не "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін, не кәсіби бухгалтер сертификатын, не экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласында ғылыми дәрежесін растай отырып және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге





5

Сертификаттау жөніндегі бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу





6

Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті ұсыну





7

Уәкілетті органға бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну





8

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті ұсыну





9

Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті ұсыну





 
10

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өтеу





11

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіптік ұйымы аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу





      Лауазымды адам (дар)_______________________________ ______________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің басшысы__________________________ ___________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 45 мен
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 298 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      ____________________________________________________________________

      138-бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      ____________________________________________________________ қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті_________________________________________ күні №

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________


Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді

1

"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу", "Азаматтық құқық" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды ХҚЕС-ке және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде уәкілетті органға ұсыну





2

Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болуы





3

Бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл туралы келiсiмнiң болуы





4

Оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы





5

Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру





6

Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауға жіберу жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды немесе кадр қызметімен немесе жұмыс берушімен расталған еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмесі болған кезде
бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларындағы немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласындағы соңғы үш жылдан кем емес жұмыстар





7

Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу





8

Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның танылған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар, танылған және берілген сертификаттар өткізілген күннен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ұсыну





9

Емтихандар, танылған және берілген сертификаттар өткізілген күннен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну





10

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту





11

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуі





      Лауазымды адам (дар)_______________________________ ______________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің басшысы__________________________ ___________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады