Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93 Заңы.

     

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-1) авария – ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;

      2) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) міндетті экологиялық сақтандыру – авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;

      4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт;

      5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

      6-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;

      7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

      8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

      9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

      10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

      12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

      13) үшінші тұлғалар – міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;

      14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;

      16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Осы Заң "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген құқық қатынасына қолданылмайды.

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері

      1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:

      шығындарды өтеудің кепілдігі;

      тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;

      экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау

      Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.

      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.

      3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.

      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.

      Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.

      4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.

      Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

      4-1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсы пайдаланыла отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

      5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.

      Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

      6. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;

      2) сақтанушының мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      мәліметтерді өзгерту, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;

      авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      4. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.

      5. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады.

      2. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

      4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады.

      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:

      1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.

10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:

Рет
N

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының проценті есебімен)

1

2

3

1.

1-айға дейін қоса алғанда

20

2.

1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда

30

3.

2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда

40

4.

3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда

50

5.

4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда

60

6.

5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда

70

7.

6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда

75

8.

7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда

80

9.

8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда

85

10.

9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда

90

11.

10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда

95

12.

11-айдан жоғары

100

11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушы:

      1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

      2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

      5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;

      5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;

      7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

      2. Сақтанушы:

      1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;

      2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;

      3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;

      4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;

      5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;

      6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтандырушы:

      1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;

      2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;

      3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;

      4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;

      5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;

      7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;

      8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.

      2. Сақтандырушы:

      1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға;

      2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;

      3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;

      4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алған кезде оны дереу тіркеуге;

      5) авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны пайда алушыға танысу үшін беруге;

      6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

      6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;

      7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;

      8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      9) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін жіберуге;

      11) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;

      12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Пайда алушының құқықтары

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Пайда алушы:

      1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

      2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;

      3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

      5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

      5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқылы.

      7) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері

      Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:

      1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

      2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

      3) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.

      2. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

      3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Сақтандыру жағдайы

      1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.

      3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.

      4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Экологиялық аудит жүргізу

      Ескерту. 18-бап алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып жазбаша нысанда қояды.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша ұсынудан босатпайды.

      2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

      1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиациялау бағдарламасының көшірмесі;

      3) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар – олар болған кезде;

      6) жекелеген жағдайларда – сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.

      2-2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.

      3. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

      4. Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.

      5. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

      7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі

      1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.

      2. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.

      Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімнің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.

      3. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы

      Ескерту. 21-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) мынадай жағдайларда:

      1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;

      2) сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

      3) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде қарсы талап қою құқығы бар.

      2. Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады, залалды жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;

      2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:

      1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;

      3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

      4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;

      5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;

      6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

      3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.

      4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі келтірілген сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

      5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;

      2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):

      талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не

      міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.

      2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

      3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

      Ескерту. Заң 22-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Дауларды қарау тәртібі

      Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

24-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады