Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 сәуірде № 26-VII ҚРЗ

      Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Баспасөз релизі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 19-20, 81-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-бапта:

      7-1) тармақша "арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      44-3) тармақша "арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 13-1-тараудың тақырыбы "Арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 101-3-бапта:

      тақырып "Арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "қызметкерлері (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда)," деген сөздер "(арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда), ішкі істер органдарының қызметкерлері," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктер "арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік "Арнаулы мемлекеттік орган,", "арнаулы мемлекеттік органның," деген сөздерден кейін тиісінше "ішкі істер органы,", "ішкі істер органының," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ "арнаулы мемлекеттік органдардың," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 101-4-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдері мынадай жағдайларда:

      1) тұрғын үй төлемдері алғаш рет ресімделген, кейіннен сатып алатын жалға алу немесе ипотекалық кредит сомасын өтеуге пайдаланылған жағдайда, тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарына жататын лауазымдарға қайта тағайындалғанда осы Заңның 101-11-бабына сәйкес – көрсетілген лауазымдарға тағайындалған күннен бастап;

      2) қарамағына қабылданғанға дейін ішкі істер органдары жүйесінде тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылған, қарамағында болғаннан кейін тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарына жататын лауазымдарға қайта тағайындалғанда – қарамағына қабылданған күннен бастап қайта басталады. Қарамағында болу мерзімі "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептеледі.

      Тағайындалған тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы қызметкерінің жүктілігіне және босануына байланысты демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңіне, оның ішінде тиісті органның қарамағына қабылдана отырып сақталады.";

      2-тармақта:

      1) тармақша "арнаулы мемлекеттік органнан" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      2), 3) және 4) тармақшалар "арнаулы мемлекеттік органның," деген сөздерден кейін "ішкі істер органының," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "тартқан жағдайларда тоқтатылады." деген сөздер "тартқан;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ішкі істер органының қызметкері тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын лауазымынан босатылған жағдайларда тоқтатылады.";

      6) 101-6-бапта:

      1) тармақша "арнаулы мемлекеттік органнан," деген сөздерден кейін "ішкі істер органынан," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша "арнаулы мемлекеттік органның," деген сөздерден кейін "ішкі істер органының," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 101-7-бапта:

      1) және 2) тармақшалар "арнаулы мемлекеттік органды," деген сөздерден кейін "ішкі істер органын," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша:

      "арнаулы мемлекеттік органның қызметкері" деген сөзден кейін ", ішкі істер органы, ішкі істер органының қызметкері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және арнаулы мемлекеттік орган," деген сөздерден кейін "ішкі істер органы," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 101-9-бапта:

      тақырып "арнаулы мемлекеттік органдар," деген сөздерден кейін "ішкі істер органдары," деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "Арнаулы мемлекеттік органның," деген сөздерден кейін "ішкі істер органының," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 101-10-баптың тақырыбы және бірінші абзацы "Арнаулы мемлекеттік органдар," және "арнаулы мемлекеттік органдар," деген сөздерден кейін тиісінше "ішкі істер органдары," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) мынадай мазмұндағы 101-11-баппен толықтырылсын:

      "101-11-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы

      1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын қызметкерлерге қызметтік тұрғынжай беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органы қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

      Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.

      Ішкі істер органының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.

      3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

      4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.

      5. Жатақханамен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

      6. Ішкі істер органдарында қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды.

      Ішкі істер органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

      Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ішкі істер органдары қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен төмен болмайды.

      Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің, егер ішкі істер органдары қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):

      1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;

      2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;

      3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;

      4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;

      5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.

      7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.

      8. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.

      9. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сақталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.".

      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 48-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; № 21-22, 91-құжат; № 24-ІІ, 114-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген және ерекше индустриялық аймақ аумағында құрылыс салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын, ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы;

      9-2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;";

      мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-3) жергілікті сараптамалық қорытынды – сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, тиісті жоба бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, жобалар сараптамасының қорытындысы;";

      2) 27-1-баптың екінші бөлігі "Арнайы экономикалық аймақтардың" деген сөздерден кейін ", ерекше индустриялық аймақтардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 60-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;";

      9-тармақтың бірінші бөлігі "арнайы экономикалық аймақтардың" деген сөздерден кейін ", ерекше индустриялық аймақтардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 64-4-баптың 3-тармағындағы "көрме" деген сөз "көрменің және ерекше индустриялық аймақтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 64-5-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігінің мүшесі (қауымдастырылған мүшесі) болып табылмайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымдарын қоспағанда, аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Заңда көзделген сараптама қызметінен басқа қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.";

      6) 64-6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Аттестаттау рәсімі ағылшын тілінде өткізілуі мүмкін.";

      7) 64-10-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде жеті сарапшы болуға тиіс.";

      "2-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымы:

      1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге;

      2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құжаттар сараптамаға келіп түскен күн мен сараптама қорытындылары берілген күннен бастап есепке алуды жүргізуге міндетті.".

      3. "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):

      1) 1-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақшадағы "қауіпті", "технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы" деген сөздер тиісінше "аварияға алып келмеген, қауіпті", "технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшадағы "азаматтық қорғау саласындағы" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген объектілер туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер объект иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект уәкілетті орган бекіткен, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келмесе, онда сақтанушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат береді.

      Объектінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі объект иесіне объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімімен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа пропорционал сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.".

      4. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 24 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1-бап мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "63-1) күріш атызы – су жіберілген күріш немесе басқа да дақылдарды өсіруге арналған, балық өсіру үшін пайдаланылуы мүмкін жер учаскесі;".

      5. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 17-18, 78-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):

      1) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.";

      2) 46-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілерді салу жеке, заңды тұлғалар немесе жекеше әріптестер мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен жасасқан ұзақ мерзімді пайдалану шартына сәйкес және эскизге (эскиз жобасына) орай әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.";

      3-тармақтағы "Жеке немесе заңды тұлғалардың" деген сөздер "Жеке, заңды тұлғаның немесе жекеше әріптестің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "жеке және заңды тұлғаларға" деген сөздер "жеке, заңды тұлғаларға немесе жекеше әріптестерге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2020 ж., № 21-22, 89-құжат; № 23, 96-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) кіріспе "кәдеге жаратуды қолдау" деген сөздерден кейін "және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-бапта:

      1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-3) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;";

      9-2), 9-3) және 9-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2) қайталама энергетикалық ресурстар – металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;

      9-3) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9-4) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;";

      мынадай мазмұндағы 9-5), 9-6) және 9-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9-6) резервтік қор – қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

      9-7) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;";

      14) тармақша "жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін "және қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-1-бапта:

      тақырып және 1-тармақ "Жаңартылатын энергия көздерін", "жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін тиісінше "және қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін салу кезінде басым шартты тұтынушылар объект пайдалануға берілгенге дейін үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды және жүйелік операторды қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің құрылысы туралы хабардар етеді.";

      6-тармақтың бірінші абзацы "Жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін ", қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-1-тармақ "жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін ", қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-3-тармақпен толықтырылсын:

      "6-3. Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі пайдалануға берілгеннен кейін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында он жыл бойы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің белгіленген электр қуатының кемінде жиырма пайызын ұлғайтуға немесе азайтуға реттеу диапазонында жүйелік оператордың электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді шарт жасасу жылының алдындағы күнтізбелік жыл үшін сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жыл сайын жасалады.";

      8-тармақ "жаңартылатын энергия көздерін," және "жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін тиісінше "қайталама энергетикалық ресурстарды," және "және қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 9-бапта:

      тақырып "Жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін "және қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "2-1-тармағында көзделген жағдайды" деген сөздер "2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі" деген сөздер "жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақша "жаңартылатын энергия көздерін" деген сөздерден кейін "және қайталама энергетикалық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Егер басым шартты тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оның электр энергиясының үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі, бірақ ол 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатуды жүзеге асырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттарының қолданылу мерзіміне 2020 жылы басым шартты тұтынушы мен басым шартты тұтынушының құрамына кірген шартты тұтынушылар қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясының нақты көлеміне тең ең төмен шамадан аз болмайды.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуға жататын электр энергиясының ең төмен шамасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттары қолданысының тоқтатылуына қарай электр энергиясының тиісті көлеміне пропорционалды азайтылады.".

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 10, 44-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 22-1) және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22-1) бұрқаққа қарсы жұмыстар – мұнай және газ өндіру объектілерінде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, аварияларды жоюға, адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және бекітпе жабдығының болмауы, қирауы немесе герметикаланбауы немесе грифон түзілу салдарынан ұңғыманың (газ және мұнай бұрқақтарының) сағасы арқылы қабаттық флюидтердің басқаруға келмейтін шығуының қауіпті факторларының әсерін азайтуға бағытталған іс-қимылдар;";

      "23-1) газдан құтқару жұмыстары – қоршаған ортада шекті жол берілетін шоғырланудан асатын қауіпті заттар болған жағдайда арнайы техника, аппаратура мен жабдық, оқшаулағыш жеке қорғану құралдары қолданыла отырып орындау қажеттілігімен сипатталатын және газ жайылған ортада адамдарды іздестірумен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетумен және оларды тасымалдаумен, аварияның орны мен себептерін, оның таралу шекараларын нақтылау мақсатында авария ошағына барлау жүргізумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;";

      32-1) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:

      қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар;

      мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер;";

      "48) оқыс оқиға – аварияға алып келмеген, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бүлінуі, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;";

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) өндірістік бақылау – өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар;";

      52-1) және 52-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;

      52-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі;";

      мынадай мазмұндағы 52-3) 52-4) және 62-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "52-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      52-4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – орталық атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы;";

      "62-1) тау-кен құтқару жұмыстары – шахталарда, кеніштерде, карьерлерде және разрездерде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, адамдарды құтқаруға және аварияларды жоюға, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және оларды тасымалдауға, тау-кендік телім шегінде жер астындағы және жер бетіндегі өрттерді сөндіруге, жарылыс қаупі бар атмосфераны инерттеуге, үйінділерден аршуға, тосқауылдарды тұрғызуға, бекітпелерді орнатуға, су басуды жоюға бағытталған іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;";

      2) 12-2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;";

      "6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;";

      мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-2) қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізеді;";

      10) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7), 14-8), 14-9), 14-10), 14-11), 14-12), 14-13), 14-14), 14-15), 14-16), 14-17), 14-18), 14-19), 14-20), 14-21), 14-22), 14-23), 14-24), 14-25), 14-26), 14-27), 14-28) және 14-29) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      13-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      13-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "14-1) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-2) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-3) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-4) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-5) жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-6) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-7) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-8) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-9) қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-11) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-12) нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-13) қызмет ету мерзімі өткен, жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-14) қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-15) бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-16) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-17) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-18) қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-19) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-20) қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-21) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-22) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-23) қызмет ету мерзімі өткен, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-24) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-25) жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      14-26) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-27) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-28) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      14-29) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      3) 15-баптың 3-тармағында:

      21) тармақша "лифтілердің" деген сөзден кейін ", траволаторлардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;";

      4) 16-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға;";

      8) тармақша "оқиғалардың" деген сөзден кейін ", жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлауға;";

      10) тармақша "оқыс оқиғаларды" деген сөздерден кейін ", қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды есепке алу (кіріс, шығыс, беру және қайтару) жөніндегі ақпаратты беруге;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасуға не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға;";

      19) тармақша алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;";

      23) тармақшадағы "объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ үшінші абзацындағы "жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды." деген сөздер "жұмыстарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "автожанармай құю станцияларын және астық қабылдау пункттерін пайдалануға байланысты жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды.";

      5) 25-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтері ғимараттар мен құрылысжайлардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады, орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы техникамен, аппаратурамен және жабдықпен жарақтандырылады, құтқарушылармен жасақталады, оқу-жаттығу полигоны, шаң-газ талдау зертханасы болады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келеді.";

      6) 26-баптың 2-тармағындағы "және уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау, қайта аттестаттау мен тексерулер барысында тексеріледі" деген сөздер алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері аттестаттауға жатады.

      2. Аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.

      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бастапқы, қайта, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:

      1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жатады;

      2) қайта аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қайта бастау үшін алдыңғы аттестаттауда анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін өткізіледі;

      3) кезеңдік аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі;

      4) кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын жұмыстардың түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындатын тәртіппен өткізіледі.

      5. Аттестаттаудан өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік беріледі.";

      8) 39-бапта:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;";

      4) тармақшадағы "пайдаланылуына жүзеге асырылады." деген сөздер "пайдаланылуына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда, дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа талап қою арызын міндетті түрде бере отырып, тоқтата тұруға не тыйым салуға құқығы бар.

      Көрсетілген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы акт шығарылады және қауіпті өндірістік объектіні және (немесе) техникалық құрылғыны пломбалау жүргізіледі.

      Ресімделген акт қауіпті өндірістік объектінің басшысына немесе оның уәкілетті адамына қолын қойғызып табыс етіледі не хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.

      Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы берілген акт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы актінің талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.";

      9) 40-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері болып табылады:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;

      4) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау;

      5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.";

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "Нормативтік актіде" деген сөздер "Ұйымның нормативтік актісінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары:

      1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;

      2) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындық жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарына жеткізуге;

      7) ұйым басшысына:

      өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуіне алып келуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы ұсыныстар енгізуге;

      8) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.

      5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдарының:

      1) қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарда және (немесе) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын өзге де ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;

      2) тәуліктің кез келген уақытында қауіпті өндірістік объектіге еркін кіруге құқығы бар.";

      10) 51-баптың 2-тармағындағы "кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 69-баптың 2-тармағында:

      2), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға жол беру;";

      "9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуі;

      10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi.";

      12) 70-бапта:

      1) тармақшаның он тоғызыншы абзацы "тасымалдау" деген сөзден кейін "(құбыржолдық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "тау-кен" деген сөздер "кең таралған пайдалы қазбаларды геологиялық барлауды және оларды бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбей өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарын қоспағанда, тау-кен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 71-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша "лифтілер" деген сөзден кейін ", траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі", "лифтілер жатады." деген сөздер тиісінше "әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі", "лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар;

      5) шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар;

      6) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар жатады.";

      14) 72-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау үшін заңды тұлға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ұйымның мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжат ұсынылмағанда;";

      7-тармақтың екінші бөлігіндегі "көзделген құжаттарда" деген сөздер "көзделген құжатта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 73-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      16) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру

      1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен электрондық құжат нысанындағы өтінішті, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:

      1) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен өтінішті;

      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын ұсынады.

      2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты жеті жұмыс күні ішінде береді.

      3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты кері қайтарып алады.

      4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      6. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында барлық нарық субъектiлерi үшiн қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді.

      Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімінен (сертификаттаудан) өткен техникалық құрылғыларға рұқсаттар беру талап етілмейді.";

      17) 76-бапта:

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "не декларация әзірлеу құқығына аттестатталған бөгде ұйым" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесімен бірге" деген сөздер алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";

      9-тармақтың екінші бөлігіндегі "сараптама жүргізілуге және" деген сөздер алып тасталсын;

      18) 77-бапта:

      тақырып "құрылғыларды" деген сөзден кейін "және қауіпті өндірістік объектілерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып өтініш береді.

      Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы:

      өнеркәсіптік объектілерде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесіне өтініш береді;

      әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      19) 78-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторымен келiсiледi.";

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы" деген сөздер "Өтініш беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау және келісу тәртібі қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларымен реттеледі.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      20) 79-бапта:

      4-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;

      2) техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Өзге заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері оқу ұйымының немесе қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығының комиссиясына оқу курсы аяқталғаннан кейін тәуелсіздік қағидатын сақтай отырып, үш жылда бір рет емтихан тапсырады.";

      21) 80-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, қауіпті өндірістік объекті басшылары мен жұмыскерлерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.";

      "4. Аварияларды жою жоспарын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы бекітеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісіледі.";

      22) 81-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым оқу дабылдарын өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Оқу дабылын қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді.

      Аварияға қарсы жаттығу жұмыскерлермен аварияны жою жоспарының әрбір позициясы бойынша өткізіледі.";

      3-тармақ "бақылау" деген сөзден кейін "қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 82-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлайды;";

      24) 83, 84, 85, 86 және 87-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру міндеттері

      1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің міндеттері оларға алып келген мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестерді пайдалану шарттарының бұзылу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылу сипатын анықтау, осындай авариялардың немесе оқыс оқиғалардың салдарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау болып табылады.

      2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді тиісті комиссия жүргізеді.

      84-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру

      1. Аварияны тергеп-тексеру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өзінің өкілі басшысы болатын комиссияны құрады.

      Аварияға тергеп-тексеру жүргізетін комиссияның құрамына:

      жергілікті атқарушы органның;

      қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің өкілдері кіреді.

      Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне аварияның туындағаны туралы ақпарат алынған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      2. Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға орын алған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге негіздер бойынша да құруға құқылы.

      3. Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы жүргізеді, оны өзінің техникалық басшысы басқарады.

      Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның өкілдері, сондай-ақ оның басшысының шешімімен өзге де адамдар кіреді.

      85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі

      1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы төраға бекіткен бұйрыққа (өкімге) сәйкес жүргізіледі, ол ұйымдастырушылық іс-шараларын орындайды және аварияны немесе оқыс оқиғаны уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің:

      1) авария немесе оқыс оқиға орнына, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға және ондағы жұмыстарға тартылған жұмыскерлерге қатысты құжаттар мен материалдарға кедергісіз қол жеткізуге;

      2) авария немесе оқыс оқиға орнын қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;

      3) көзімен көргендерден, жұмыскерлерден және аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар өзге де адамдардан сұрауға;

      4) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты құжаттар мен материалдарды зерделеуге;

      5) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан авария немесе оқыс оқиға бойынша құжаттар мен материалдарды сұратуға;

      6) аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау, олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге;

      7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға сұратылатын ақпаратты беруге міндетті.

      4. Комиссия төрағасының шешімі бойынша аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар және өзге де іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін.

      86-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу

      1. Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу қорытындысы бойынша комиссия ол тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аварияны тергеп-тексеру актісін жасайды және аварияны тергеп-тексерудің өзге де материалдарын дайындайды.

      Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін комиссияны тағайындаған орган басшысы комиссия төрағасының қызметтік жазбасы негізінде ұзарту себептерін көрсете отырып, бұйрықпен (өкіммен) бір рет қана, бірақ он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      2. Аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия мүшесі аварияны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда комиссия төрағасы аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін аварияны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.

      3. Аварияны тергеп-тексеру актісі және өзге де материалдар комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымға қол қою және осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жіберу үшін ұсынылады.

      4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тергеп-тексеру нәтижелеріне әсер еткен, тергеп-тексеру тәртібін бұзу фактілері немесе комиссияның тұжырымдары мен қорытындысын қате деп есептеуге негіздер анықталған жағдайда, аварияны тергеп-тексеру актісін қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      5. Оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу қорытындысы бойынша комиссия оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін жасайды.

      6. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия мүшесі оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.

      7. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.

      8. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:

      қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы);

      қауіпті өндірістік объектінің атауы, оның орналасқан жері;

      аварияның немесе оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайлары;

      келтірілген зиянның (залалдың) мөлшері;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының жол берілген бұзушылықтары;

      аварияны немесе оқыс оқиғаны және оның салдарын оқшаулау мен жою бойынша қабылданған шаралар;

      аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуге тиіс іс-шаралар;

      қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде осындай аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсыныстар;

      комиссияның шешімі бойынша авария немесе оқыс оқиға туралы өзге де мәліметтер.

      87-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның аварияға тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі іс-қимылы

      1. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым бес жұмыс күні ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      3. Авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен туындаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым дайындаушыға – рекламацияны, ал оның көшірмесін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      4. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым комиссияның шешімі бойынша аварияны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ заңды негіздер болған кезде құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.".

      8. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес айқындалған, тұрғынжайға мұқтаж ішкі істер органының қызметкері және оның отбасы мүшелері қызмет өткерген кезеңге мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай берудің орнына арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдері төленеді.".

      9. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат; № 24-ІІ, 116-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 26 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-қосымшаның 35-жолының 3-бағанындағы "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу" деген сөздер "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу және өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 61-1-жолмен толықтырылсын:

      "

61-1.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау

Қауіпті өндірістік объектіде:

- тау-кен құтқару жұмыстарын;

-газдан құтқару жұмыстарын;

- бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған куәлік


      ";

      105-жол мынадай редакцияда жазылсын:

105.

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттарды беру

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсат


      ";

      3) 3-қосымшаның 29-тармағы алып тасталсын.

      10. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):

      8-бап мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;

      24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;".

      11. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 7, 38-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) ерекше индустриялық аймақ – аумағында халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол берілетін, жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құратын жекеше индустриялық аймақтың өзге түрі;

      7-2) ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;";

      2) 14-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу;

      4-2) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау;";

      3) 27-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ерекше индустриялық аймақтың аумағында ішкі инженерлік инфрақұрылым объектілерін (инженерлік коммуникациялар) салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруды ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі (меншік иелері) өз қаражаты, жекеше инвестициялар, қарыздар есебінен жүзеге асырады.";

      4) 30-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптардан басқа, ерекше индустриялық аймақты құру тұжырымдамасы:

      ерекше индустриялық аймаққа инвестициялар тарту жоспарын, оның ішінде жобаларды іске асыру кезеңдері мен мерзімдерін;

      сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары негізінде индустриялық аймақтарды құру және дамыту тәжірибесі бар мемлекеттік емес заңды тұлға тартылған жағдайда әлеуетті басқарушы компаниямен ниеттер хаттамасын;

      ерекше индустриялық аймақтың тиісті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуын қамтиды.";

      5) 33-бапта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары негізінде индустриялық аймақтарды құру және дамыту тәжірибесі бар мемлекеттік емес заңды тұлға ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын жағдайда, мұндай меншік иесі өзін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындауға құқылы.

      Ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобасында көзделген барлық объект пайдалануға берілгеннен кейін жер учаскелерін ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына сатуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну.

      Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.";

      6) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:

      "33-1-бап. Ерекше индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі

      1. Осы Заңда белгіленгендерден басқа, ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеу шарттары:

      1) ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі өзін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындауға құқылы;

      2) ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ерекше индустриялық аймақтың бөлінетін жер учаскесінің меншік иесі болып табылуы мүмкін екенін көздейді.

      Бұл ретте ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өз қалауы бойынша ерекше индустриялық аймақтың жер учаскелерін сату, мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебінен беруі мүмкін.

      2. Сатылған жағдайда жер учаскесі ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына оның кепілін және үшінші тұлғаларға қосалқы жалға берілуін шектей отырып, құрылыс объектісі пайдалануға берілгенге дейінгі уақытқа және осы жер учаскесін құрылыс объектісі пайдалануға берілгеннен кейін сатып алудың айрықша құқығымен мүліктік жалдауға (жалға) беріледі.

      Бұл ретте ерекше индустриялық аймақтың жер учаскелерін ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына сату қызметті жүзеге асыру туралы шарттың және жер учаскесін сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес сатылатын жер учаскесін артықшылықпен сатып алу құқығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      3. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ерекше индустриялық аймақтың қатысушысы ерекше индустриялық аймақтың аумағында жобаны іске асыру мерзімдерін бірнеше рет бұзған жағдайда, қызметті жүзеге асыру туралы шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған талаптарда және тәртіппен ерекше индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы шартын бұзуға құқылы.

      Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес басқарушы компания жер учаскесінің ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобасын іске асыру үшін көзделген бір бөлігін осы жобада айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бұл ретте көрсетілген шарт жасалған ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау жағдайларын қоспағанда, осындай қатысушының келісімінсіз басқарушы компания осылайша резервке қойылған жер учаскелерін өзге тұлғаларға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды.

      4. Ерекше индустриялық аймақтың меншік иесі ерекше индустриялық аймақтың ішкі инженерлік инфрақұрылым объектілерін (инженерлік коммуникацияларды) қаржыландыруды, салуды, пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді дербес қамтамасыз етеді.

      5. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарушы компания алған рұқсаттар мен лицензиялар негізінде өзге де функцияларды, оның ішінде энергиямен жабдықтауды, сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына байланыс қызметтерін ұсынуды жүзеге асырады.

      6. Басқарушы компания ерекше индустриялық аймақтың аумағында қатысушылардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады.

      Ерекше индустриялық аймақтың қызметін жүзеге асыру және жұмыс істеу қағидалары мен тәртібін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы айқындайды және бекітеді және олар ерекше индустриялық аймақтың қатысушылары үшін міндетті болып табылады.

      7. Осы Заңда айқындалған құжаттардың үлгілік нысандары ерекше индустриялық аймақтарға қолданылмайды.

      8. Ерекше индустриялық аймақтың меншік иесі ерекше индустриялық аймақтың аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыруды дербес қамтамасыз етеді.

      9. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады:

      1) экологиялық талаптарға және еңбек қауіпсіздігі жағдайларына сай келмейтін өндіріс;

      2) қару-жарақ пен оқ-дәрілер (патрондар) шығару, қару-жарақ пен оқ-дәрілер (патрондар) саудасы;

      3) ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерін шығару, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздері саудасы;

      4) цемент, цемент клинкерін, көмірден, әктен және гипстен жасалған өнімдер өндіру;

      5) барлық қалдық түрлерін қайта өңдеу, ыдырату, жағу, газдандыру, химиялық заттармен өңдеу, түпкілікті және (немесе) уақытша сақтау және (немесе) жер астына көму;

      6) мұнай өңдеу зауыттарын, атом электр станцияларын, ядролық қондырғыларды, радиациялық көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті заттар мен қалдықтарды, сондай-ақ өзге де радиоактивті қалдықтарды сақтауға, кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге арналған пункттер мен қондырғыларды орналастыру.

      10. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілерді жобалау және салу кезінде жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын мердігерлер Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіс.

      11. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілерді жобалау және салу кезінде жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын мердігерлер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіс. Экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында біреуден артық басқарушы компанияның жұмыс істеуіне жол берілмейді.";

      7) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:

      "35-1-бап. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру

      1. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру:

      1) жергілікті атқарушы органның;

      2) ерекше индустриялық аймақтың меншік иесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Жергілікті атқарушы орган ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешімді:

      1) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жағдайларында;

      2) ерекше индустриялық аймақтың меншік иесі ерекше индустриялық аймақты құру тұжырымдамасында айқындалған міндеттемелерді орындамаған жағдайларда қабылдайды.

      3. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айырылған жекеше индустриялық аймақ осы Заңға сәйкес жалпы негіздерде қызметін жүзеге асыруды жалғастырады.";

      8) 45-бап мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22-1) тиісті аккредиттеу негізінде ерекше индустриялық аймақтың аумағында құрылыс салуға арналған объектілердің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру;

      22-2) ерекше индустриялық аймақтың аумағында барлық жобалардың іске асырылуын оның кез келген сатысында мониторингтеу;

      22-3) басқарушы компания бекіткен және қатысушылардың сақтауы міндетті ерекше индустриялық аймақтың қызметін жүзеге асыру және жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылдау;".

      2-бап.

      Осы Заң:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 8-тармақтарын;

      2) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 2) тармақшасының он төртінші абзацын, 4) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарын, 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті       Қ. ТОҚАЕВ



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады