"Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 263 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 271 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 қазанда N 1689 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы N 160 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.06.29 N 160 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына, "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 263 қаулысына (Солтүстік Қазақстан мемлекеттік тіркеу тізілімінің өңірлік тарауында 2008 жылғы 18 қыркүйекте N 1686 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 қыркүйектегі "Солтүстік Қазақстан", 2008 жылғы 19 қыркүйектегі "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
      2 тармақта:
      екінші абзац "шағын" сөзінен кейін "және орта" сөздерімен толықтырылсын;
      үшінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "бір соңғы заем алушыға бөлінетін кредиттік қаражаттардың ең үлкен сомасы:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 140 (жүз қырық) миллион теңге;
      орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 (үш жүз) миллион теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е. Нұрақаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата области от 16 сентября 2008 года N 263 "О бюджетном кредитовании субъектов предпринимательства Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 24 сентября 2008 года N 271. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 7 октября 2008 года N 1689. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 29 июня 2010 года N 160

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 29.06.2010 г. N 160

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", статьей 28 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года N 213 "О нормативных правовых актах",  постановлениемПравительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года N 1039 "Об утверждении Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата области от 16 сентября 2008 года N 263 "О бюджетном кредитовании субъектов предпринимательства Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Северо-Казахстанском региональном разделе реестра государственной регистрации 18 сентября 2008 года за N 1686, опубликовано в газетах "Солтүстік Қазақстан" от 19 сентября 2008 года, "Северный Казахстан" от 19 сентября 2008 года) следующие изменения и дополнения:
      в пункте 2:
      в абзаце втором после слова "малого" дополнить словами "и среднего";
      абзац третий изложить в следующей редакции:
      "максимальную сумму выделения кредитных средств на одного конечного заемщика:
      для субъектов малого предпринимательства - 140 (сто сорок) миллионов тенге;
      для субъектов среднего предпринимательства - 300 (триста) миллионов тенге".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нуракаева Е.Е.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               С. Билялов