Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 263 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте N 1686 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы N 160 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.06.29 N 160 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджеттік кодексінің 167-бабы 3-тармағына, 172-бабы 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Соңғы заем алушылар үшін 13,22 (он үш бүтін жиырма екі жүздік) жылдық пайыз көлемінде кесімді сыйақы ставкасы белгіленсін, оның 6,72 (алты бүтін жетпіс екі жүздік) жылдық пайызы бюджеттік кредит бергені үшін сәйкес бюджетке аударылуы тиіс.

      2. Келесілер айқындалсын:
      соңғы заем алушылар санаты - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;
      бір соңғы заем алушыға бөлінетін кредиттік қаражаттардың ең үлкен сомасы:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 140 (жүз қырық) миллион теңге;
      орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 (үш жүз) миллион      теңге;
      бюджеттік кредиттер берудің шекті мерзімі 60 (алпыс) ай, негізгі қарызды қайтару жөніндегі жеңілдетілген мерзіммен жалпы мерзімнің 1/3-і (үштен бірі).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008.09.24 N 271 қаулысымен

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е. Нұрақаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады