Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 38 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 қарашада № 3448 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 94 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 21.08.2013 № 94 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі ««Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      Ай сайын І, ІІ, ІІІ топтағы жалпы аурудан, бала кезінен, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауыру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайын - 3000 теңге.
      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік және естелік күндерге жыл сайын бір жолғы әлеуметтік көмектер:
      «9май - Жеңіс күніне»;
      ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 5000 теңге;
      соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне, ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушыларға - 2000 теңге;
      «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» - базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер мен облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге - 10 000 теңге;
      «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» - кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына - 20 000 теңге.
      Туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан емделіп шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға амбулаториялық ем алу кезінде - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      3. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 176 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-5-132 санымен тіркелген, «Ырғыз» газетінің 17 мамыр 2011 жылғы № 26-28 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат            Аудандық мәслихаттың
    сессиясының төрағасы:                хатшысы:

        Қ.Тілеуқабылов                 К.Қосаяқов

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата Иргизского района Актюбинской области от 1 ноября 2012 года № 38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 22 ноября 2012 года № 3448. Утратило силу решением маслихата Иргизского района Актюбинской области от 21 августа 2013 года № 94

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Иргизского района Актюбинской области от 21.08.2013 № 94.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» и подпункта 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать отдельным категориям граждан социальную помощь в нижеследующем размере:
      Ежемесеячно инвалидам І,ІІ,ІІІ группы, инвалидам с детства, инвалидам получившим увечья, не связанные с выполнением воинских обязанностей, инвалидам ставшими инвалидами в результате заболевания, детям-инвалидам до 16 лет - 3000 теңге.
      2. Ежегодно единовременную социальную помощь к праздничным и памятным датам отдельным категориям граждан:
      к «9 мая – дню Победы»:
      участникам, инвалидам Великой Отечественной войны - 5 000 теңге;
      вдовам воинов не вернувшихся с войны, участникам афганской войны а также участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС - 2000 теңге;
      к «1 октября – Международному дню пожилых людей» - пенсионерам получающим минимальную пенсию и ниже минимальной пенсии, с учетом базовой доплаты а также персональным пенсионерам областного значения - 10 000 теңге;
      к «1 июня – Международному дню защиты детей» - семьям, получающим государственную адресную социальную помощь на несовершеннолетних детей (до 18 лет) - 20 000 теңге.
      Больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на время амбулаторного лечения-в размере десятикратного месячного расчетного показателя.
      3. Признать утратившим силу решения районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 25 апреля 2011 года № 176 (зарегистрированое в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-5-132, опубликованое в газете «Ырғыз» 17 мая 2011 г. № 26-28).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии:            Секретарь районного
                                           маслихата:

         К.Тилеукабылов                  К.Косаяков