Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 176 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 мамырда № 3-5-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012.11.01 № 38 Шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 95-ІҮ Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне, ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандарға - 2000 теңге;
      2) ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) бірінші, екінші, үшінші топтағы жалпы аурудан, бала кезінен, әскер борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайын - 3000 теңге мөлшерінде көрсетілсін.
      2. "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы № 32 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-5-73 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 мамырда "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: хатшысы:
      Н.Сәрсенбайұлы М.Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады