Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 25 қазандағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қазанда № 5378 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 843 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағына ұсақ мүйізді қара мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №7 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5271 тіркелген, 2018 жылдың 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Қ.С.Пангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық апарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің м.а. Қ.Паңғалиев

О снятии ограничительных меропрятий на территории пастьбы "Экспедиция" села Караултюба Караултюбинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области"

Решение исполняющего обязанности акима Караултюбинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 25 октября 2018 года № 12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 30 октября 2018 года № 5378

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарного-санитарного инспектора государственного учреждения "Акжаикская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 26 сентября 2018 года № 843 исполняющий обязанности акима сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия, установленные в связи с возникновением заболевания инфекционный эпидидимит среди мелкого рогатого скота на территории пастьбы "Экспедиция" села Караултюба Караултюбинского сельского округа Акжаикского района.

      2. Признать утратившим силу решения акима Караултюбинского сельского округа Акжаикского района от 28 июня 2018 года № 7 "Об установлении ограничительных мероприятии на территории пастьбы "Экспедиция" села Караултюба Караултюбинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5271, опубликованное 5 июля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Главному специалисту аппарата акима Караултюбинского сельского округа (К.С.Пангалиев) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      И.о.акима Караултюбинского сельского округа К.Пангалиев