Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 маусымда № 5271 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 25 қазандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 25.10.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 407 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағында ұсақ мүйізді қара мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Қ.С.Панғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылтөбе ауылдық округ әкімі Н.Мурсалимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады