"Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасында:

      "2. Қоныстандыру, өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндіргіш күштерді, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды орналастыру жүйесін кешенді дамыту шаралары" деген бөлімнің "Өндіргіш күштерді кешенді орналастыру шаралары" деген тарауының "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА" параграфының жиырмасыншы және жиырма бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сондай-ақ:

      дайын ғимараттар мен өнеркәсіптік бағыттағы құрылыстар базасында;

      инженерлік коммуникацияларды жүргізе отырып, өнеркәсіптік бағыттағы дайын тез салынатын ғимараттар салу жолымен;

      жалға алу шартымен шағын өндірістік кәсіпорындар орналасатын коммуналдық меншіктегі немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың) жедел басқаруындағы жұмыс істеп тұрған мүліктік кешендерді, ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды пайдалана отырып, 20-дан 60-қа дейін ғимарат (әрқайсысы 100 немесе 200 ш.м) орналастырылатын аудан алаңы 1-2 га шағын индустриялық аймақтар құруды ("Арна", "Боралдай", "Қазыбек бек" индустриялық аймақтары аумағында немесе аймақтардан тыс жерлерде) қарастыру керек.

      Шағын индустриялық аймақтарды құру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік үй-жайларды алу мүмкіндігін беру арқылы экономика салаларының дамуына ықпал ететін болады. Осылайша, Алматы агломерациясын дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру және жұмыс орындарының санын ұлғайту үшін жағдайлар жасалатын болады.".

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 336 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы.

      2. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 941 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 459 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1061 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 628 қаулысы.

      9. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 441 қаулысы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 979 қаулысы.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505 қаулысы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 139 қаулысы.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 215 қаулысы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы.

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысы.

      20. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады