Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 5565 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 04.09.2019 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 27 ақпандағы №1-15/171 ұсынысы негізінде, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылы аймағында (О.Галимов көшесінің №20-36, №27-35 үй аралығы, Республика көшесінің №1-10 үй аралығы, Әбу Сембаев көшесінің №1-9 үй аралығы, С.Сейфуллин көшесінің №1-15 үй аралығы және Абай көшесінің №1-6 үй аралығы) ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С.Гайсин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Сартогайского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 12 марта 2019 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 13 марта 2019 года № 5565. Утратило силу решением акима Сартогайского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 4 сентября 2019 года № 4

      Сноска. Утратило силу решением акима Сартогайского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 04.09.2019 № 4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Акжаикская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 27 февраля 2019 года № 1-15/171, аким Сартогайского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории села Жанама Сартогайского сельского округа Акжаикского района в связи с возникновением заболевания бруцеллеза среди мелкого рогатого скота (между домами №20-36, №27-35 по улице О.Галимова, между домами №1-10 по улице Республике, между домами №1-9 по улице Әбу Сембаева, между домами №1-15 по улице С.Сейфуллина и между домами № 1-6 по улице Абая).

      2. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии Акжаикского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего решения в соответствие с действующим законодательством.

      3. Главному специалисту аппарата акима Сартогайского сельского округа (С.Гайсин) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актах Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.