Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 5782 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 27 тамыздағы №1-15/716 ұсынысы негізінде, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылы аймағында (О.Галимов көшесінің №20-36, №27-35 үй аралығы, Республика көшесінің №1-10 үй аралығы, Әбу Сембаев көшесінің №1-9 үй аралығы, С.Сейфуллин көшесінің №1-15 үй аралығы және Абай көшесінің №1-6 үй аралығы) ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 наурыздағы №2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5565 тіркелген, 2019 жылғы 19 наурыздағы "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылады деп танылсын.

      3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С.Гайсин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А.Әлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады