Панфилов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-76-424 "Панфилов ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 7-5-28 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 14 мамырда № 5956 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-76-424 "Панфилов ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5695 тіркелген, 2020 жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Панфилов ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Панфилов ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Бюджет, экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы А. Батырхан
      Панфилов аудандық мәслихатының
      хатшысы Е. Шокпаров

О внесении изменений в решение Панфиловского районного маслихата от 28 сентября 2020 года № 6-76-424 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района"

Решение Панфиловского районного маслихата Алматинской области от 12 мая 2021 года № 7-5-28. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 14 мая 2021 года № 5956

      В соответствии с пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Панфиловский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Панфиловского районного маслихата от 28 сентября 2020 года № 6-76-424 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5695, опубликован 6 октября 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Панфиловского районного маслихата "По вопросам бюджета, экономики, аграрным, предпринимательства, производства, автомобильных дорог и строительства".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Панфиловского
      районного маслихата А. Батырхан
      Секретарь Панфиловского
      районного маслихата Е. Шокпаров