Панфилов ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-76-424 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 5 қазанда № 5695 болып тіркелді.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда – Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 12.05.2021 № 7-5-28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 12.05.2021 № 7-5-28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2015 жылғы 26 мамырдағы № 5-49-336 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3222 тіркелген, 2015 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Бюджет, экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы А. Ходжамбердиев
      Панфилов аудандық мәслихатының
      хатшысы Е. Шокпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады