Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 23 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 19 наурызда № 6118 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 61 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 09.07.2021 № 61 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 92 хатына сәйкес, Отырар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауылдық округі әкімі А. Муратова

Об установлении ограничительных мероприятий на улице К.Толбасиева села Арыс, Отырарского сельского округа

Решение акима Отырарского сельского округа Отырарского района Туркестанской области от 19 марта 2021 года № 23. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 19 марта 2021 года № 6118. Утратило силу решением акима Отырарского сельского округа Отырарского района Туркестанской области от 9 июля 2021 года № 61

      Сноска. Утратило силу решением акима Отырарского сельского округа Отырарского района Туркестанской области от 09.07.2021 № 61 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании письма руководителя Отрарской районной территориальный инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 марта 2021 года № 240 аким Отырарского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением заболевания "бруцеллез", установить ограничительные мероприятия на улице К.Толбасиева села Арыс, Отырарского сельского округа.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Отырарского сельского округа" акимата Отырарского района в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Отырарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа Отырар Д. Үсетов