Шектеу іс-шараларын тоқтату және Отырар ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 23 "Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 61 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шілдеде № 23509 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 159 ұсынысы негізінде, Отырар ауыл округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Отырар ауыл округі әкімінің "Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 наурыздағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6118 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауыл округінің әкімі Д. Үсетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады