Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Қызыл ағаш қыстағына қарасты "Мереке" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 3 ақпанда № 8395 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімінің 08.04.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 26 ұсынысы негізінде, Ақшатау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Қызыл ағаш қыстағына қарасты "Мереке" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақшатау ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Б. Искаков

Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Мереке" относящегося к зимовке Кызыл агаш Акшатауского сельского округа Аягозского района

Решение акима Акшатауского сельского округа Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 1 февраля 2021 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 3 февраля 2021 года № 8395. Утратило силу - решением акима Акшатауского сельского округа Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 8 апреля 2021 года № 2.

      Сноска. Утратило силу - решением акима Акшатауского сельского округа Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 08.04.2021 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и на основании представления главного государственного ветеринарного инспектора Аягозского района от 21 января 2021 года № 26, аким Акшатауского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории крестьянского хозяйства "Мереке" относящегося к зимовке Кызыл агаш Акшатауского сельского округа Аягозского района в связи с возникновением болезни бешенства среди крупного рогатого скота.

      2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
Акшатауского сельского округа
Искаков Б.