Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Қызыл ағаш қыстағына қарасты "Мереке" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақшатау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 8587 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 31 наурыздағы № 225 ұсынысы негізінде, Ақшатау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Қызыл ағаш қыстағына қарасты "Мереке" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақшатау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 1 "Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Қызыл ағаш қыстағына қарасты "Мереке" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8395 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылғы 12 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақшатау ауылдық округінің әкімі Е. Кажыгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады