Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Астраханского района на 2015 год

Постановление акимата Астраханского района Акмолинской области от 15 января 2015 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 2 февраля 2015 года № 4627

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 5 и 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат Астраханского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Астраханского района:
      длительно не работающие (более трех месяцев);
      лица, старше 50 лет, зарегистрированные в качестве безработных;
      молодежь в возрасте от 21 до 29 лет;
      лица, уволенные в связи с завершением сроков сезонных и временных работ;
      больные туберкулезом, прошедшие курс лечения;
      безработные лица, завершившие профессиональное обучение по направлению уполномоченного органа;
      прошедшие медико-социальную реабилитацию наркологические больные.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Астраханского района «Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Астраханского района» от 24 февраля 2014 года № 65, зарегистрированного в Департаменте юстиции Акмолинской области от 14 марта 2014 года № 4033 и опубликованного в районной газете «Маяк» от 28 марта 2014 года № 12.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Астраханского района Кожахмет М.К.
      4. Постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Астраханского района                  Т.Ерсеитов

2015 жылға арналған Астрахан ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 6 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 4627 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 бабтарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (үш айдан артық);
      жұмыссыздар есебінде тіркелген 50 жастан асқан тұлғалар;
      21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      маусымдық және уақытша жұмыс уақытының аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғандар;
      емдік курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
      атқарушы органның жолдамасы бойнша кәсіби оқуды аяқталған жұмыссыздар;
      әлеуметтік-медициналық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.
      2. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда 4033 нөмірімен тіркелген, «Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 65 және Астрахан аудандық «Маяк» баспасында 2014 жылғы 28 наурыздағы № 12 жарияланған қаулысы күшін жойды деп есептесін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      4. Қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов