Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 65 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда № 4033 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 15.01.2015 № 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (үш айдан артық);
      жұмыссыз тұлғалар есебінде тіркелген 50 жастан асқандар;
      21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      уақтылы және маусымды жұмыс уақытының аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      емдік курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
      атқарушы органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз тұлғалар;
      әлеуметтік-медициналық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады