О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года № 272-V "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Макатском районе"

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 20 марта 2015 года № 287-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 15 апреля 2015 года № 3169. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 17 сентября 2015 года № 326-V

      Сноска. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 17.09.2015 № 326-V (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" и на основании пункта 1 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищных отношений" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в правила, утвержденные решением районного маслихата от 24 декабря 2014 года № 272-V "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Макатском районе" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3073, опубликованное 15 января 2015 года в газете "Макат тынысы") следующие изменения:
      1) подпункт 6) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "6) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;";
      2) подпункт 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (председатель Д. Алтаева) районного маслихата по вопросам бюджетного планирования, хозяйственной деятельности, использования земли, охраны природы и обеспечения законности.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель очередной ХХХІІ
Сессии районного маслихата
Т. Таскинбаев
      Секретарь районного маслихата Т. Жолмагамбетов

Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 272-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 287-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3169 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 326-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 17.09.2015 № 326-V шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 1 тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 272-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3073 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;";
      2) 5 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХІІ сессиясының төрағасы
Т. Тасқынбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов