Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 326-V шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6 бабын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХVII сессиясының төрағасы
Қ .Сакупов
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов

  Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 326-V шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 шілдедегі № 243-V "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 тамызда № 2966 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда № 31 "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).
      2. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 272-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 қаңтарда № 3073 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда № 2 "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).
      3. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 287-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 272-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3169 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде № 16 "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады