Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 9736 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі № 145 қаулысының (2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9309 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 25 қаңтардағы
  № 17 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) акушер;

      2) кеңейтілген практика мейіргері;

      3) мейіргер;

      4) фельдшер.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) кітапханашы;

      2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады