Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 шілдедегі № 243-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 тамызда № 2966 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 326-V шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 17.09.2015 № 326-V шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымына (Д. Алтаева) жүктелсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 12 маусымдағы "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы" № 233-V шешімі жойылсын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Аудандық мәслихаттың
кезекті ХХVІ сессиясының төрағасы
Ә. Мендалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады