Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Бударино Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области

Решение акима Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 16 января 2015 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 2 февраля 2015 года № 3795. Утратило силу решением акима Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области 9 января 2017 года № 1

      Сноска. Утратило силу решением акима Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области 09.01.2017 № 1.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Акжаикская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 14 января 2015 года № 18 и в целях ликвидации очагов заразных болезней животных, аким Бударинского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Установить ограничительные мероприятия, в связи с возникновением заболевания бруцеллез среди мелкого скота на территории села Бударино Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области.
      2. Исключен решением исполняющего обязанности акима Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 16.11.2015 № 15 (вводится в действие после дня первого официального опубликования).
      3. Главному специалисту аппарата акима Бударинского сельского округа (Е. Есеналиев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      4. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким Бударинского сельского округа Р. Каирманов

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 3795 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтардығы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 09.01.2017 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруының ошағын жою мақсатында, Бударин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 16.11.2015 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      3. Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Есеналиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бударин ауылдық округі әкімі Р. Каирманов