Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 4667 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 655 ұсынысы негізінде Бударин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3795 тіркелген, 2015 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің және Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 15 "Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген, 2015 жылғы 30 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

      3. Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Есеналиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бударин ауылдық округі әкімі Р. Каирманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады