О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 октября 2013 года № 265 "Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 января 2016 года N 9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 февраля 2016 года N 4410

       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 17-3) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата "Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств" от 2 октября 2013 года № 265 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3070, опубликованное в газетах "Дидар" от 24 октября 2013 года № 127 (16908) и "Рудный Алтай" от 25 октября 2013 года № 126 (19419) следущее изменение:
      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "19" января 2016 года
№ 9
  Утвержден
постановлением
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 2 октября 2013 года
№ 265

Перечень энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств

      Болезни лошадей: мыт, сальмонеллез.
      Болезни крупного рогатого скота: гиподерматоз, сальмонеллез.
      Болезни овец и коз: псороптоз.
      Болезни свиней: сальмонеллез.
      Болезни маралов: диктиокаулез, нематодироз, стронгилоидоз, трихоцефаллез.

"Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы N 9 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 ақпанда N 4410 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3070, 2013 жылғы 24 қазандағы № 127 (16908) "Дидар", 2013 жылғы 25 қазандағы № 126 (19419) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "19" қаңтардағы
№ 9 қаулысына
қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 265 қаулысымен
бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллез.
      Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз, сальмонеллез.
      Қой мен ешкі аурулары: псороптоз.
      Шошқа аурулары: сальмонеллез.
      Марал аурулары: диктиокаулез, нематодироз, стронгилоидоз, трихоцефаллез.