Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотикалық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 02 қазандағы N 265 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қазанда N 3070 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

  Шығыс Қазакстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы 2 қазандағы № 265
қаулысымен бекітілді

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.01.2016 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллез.
      Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз, сальмонеллез.
      Қой мен ешкі аурулары: псороптоз.
      Шошқа аурулары: сальмонеллез.
      Марал аурулары: диктиокаулез, нематодироз, стронгилоидоз, трихоцефаллез.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады