О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года N 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года N 149. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 29 мая 2017 года N 4262.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ и Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготный проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям граждан города Караганды:

      1) получателям пенсий, государственного специального пособия, как работавшим на подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда (по списку 1 и 2), размеры пенсий и пособий которых не превышают двадцати двух месячных расчетных показателей – бесплатный проезд;

      1-1) одному из родителей, из числа многодетных семей, имеющих в своем составе четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – бесплатный проезд;

      1-2) исключен совместным постановлением акимата города Караганды от 17.04.2023 № 26/01 и решением Карагандинского городского маслихата от 13.04.2023 № 20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      1-3) детям – сиротам, детям оставшихся без попечения родителей, детям из многодетных семей, детям по утере одного из родителей, детям одиноких матерей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – бесплатный проезд;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств и ветеранам приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны – бесплатный проезд;

      2-1) лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", не получающим пенсию и государственное социальное пособие – бесплатный проезд;

      3) лицам с инвалидностью второй, третьей групп – бесплатный проезд;

      3-1) одному из родителей, воспитывающих ребенка-инвалида до восемнадцати лет первой, второй, третьей группы – бесплатный проезд;

      3-2) опекунам инвалидов первой, второй группы – бесплатный проезд;

      3-3) получателям государственного социального пособия по случаю потери кормильца – бесплатный проезд;

      4) получателям специальных государственных пособий, как семьям погибших военнослужащих – бесплатный проезд.

      5) детям от 7 до 18 лет – бесплатный проезд.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными совместным постановлением акимата города Караганды от 26.04.2019 № 20/01 и решением Карагандинского городского маслихата от 25.04.2019 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования); совместным постановлением акимата города Караганды от 16.05.2019 № 25/01 и решением Карагандинского городского маслихата от 15.05.2019 № 408 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); совместным постановлением акимата города Караганды от 17.03.2021 № 19/01 и решением Карагандинского городского маслихата от 17.03.2021 № 30 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования); совместными постановлением акимата города Караганды от 29.06.2022 № 31/02 и решением Карагандинского городского маслихата от 29.06.2022 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); совместным постановлением акимата города Караганды от 17.04.2023 № 26/01 и решением Карагандинского городского маслихата от 13.04.2023 № 20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить источником финансирования городской бюджет и предоставить вышеуказанным категориям лиц льготные транспортные карты длительного пользования.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции совместного постановления акимата города Караганды от 17.04.2023 № 26/01 и решения Карагандинского городского маслихата от 13.04.2023 № 20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением совместного решения Карагандинского городского маслихата и постановления акимата города Караганды "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)" возложить на курирующего заместителя акима города Караганды

      Сноска. Пункт 3 – в редакции совместного постановления акимата города Караганды от 17.04.2023 № 26/01 и решения Карагандинского городского маслихата от 13.04.2023 № 20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящее совместное решение и постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2017 года.

      Аким города Караганды Н. Аубакиров
      Председатель сессии Б. Зорин
      Секретарь Карагандинского
      городского маслихата К. Бексултанов

Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы N 19/15 бірлескен қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы N 149 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 мамырда № 4262 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Қарағанды қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:

      1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері жиырма екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы алушыларға, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;

      1-1) кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне - тегін жолақы;

      1-2) алып тасталды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 17.04.2023 № 26/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 13.04.2023 № 20 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      1-3) кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын жетім – балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ата – анасының бірінен айырылған балаларға, жалғыз басты аналардың балаларына– тегін жолақы;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;

      2-1) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – тегін жолақы;

      3) екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жолақы;

      3-1) бірінші, екінші, үшінші топтағы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата - анасының біреуіне – тегін жолақы;

      3-2) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің қорғаншыларына – тегін жолақы;

      3-3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;

      4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - тегін жолақы.

      5) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін жолақы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қаласы әкімдігінің 26.04.2019 N 20/10 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 25.04.2019 N 390 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; Қарағанды қаласы әкімдігінің 16.05.2019 N 25/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 15.05.2019 N 408 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; Қарағанды қаласының әкімдігінің 17.03.2021 № 19/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 № 30 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен; Қарағанды қаласының әкімдігінің 29.06.2022 № 31/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 29.06.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; Қарағанды қаласының әкімдігінің 17.04.2023 № 26/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 13.04.2023 № 20 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын және жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген ұзақ пайдаланылатын жол жүру карталары берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 17.04.2023 № 26/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 13.04.2023 № 20 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қалалық мәслихаты мен Қарағанды қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 17.04.2023 № 26/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды қалалық мәслихатының 13.04.2023 № 20 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров
      Сессия төрағасы Б. Зорин
      Қарағанды қалалық
мәслихат хатшысы
Қ. Бексұлтанов