"Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 20/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі XXХVII сессиясының № 390 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 5303 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 1 маусымдағы № 68 (1798) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      1 тармағы келесі мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "1-1) кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне - тегін жолақы;

      1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – тегін жолақы;".

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласының еңбек және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жандил Ахуанович Мухтаров) және Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Юрьевна Любарскаяға жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Аубакиров
      Сессия төрағасы Ж. Мухтаров
      Қарағанды қалалық
мәслихат хатшысы
К. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады