О снятии ограничительных мероприятий на территории сел Базартобе и Кызылжар Базартюбинского сельского округа Акжаикского района

Решение исполняющего обязанности акима Базартюбинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2018 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 23 февраля 2018 года № 5066

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления исполняющего обязанности главного государственного ветеринарного-санитарного инспектора государственного учреждения "Акжаикская районная территориальная инспекция" Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 28 декабря 2017 года № 984 исполняющий обязанности акима сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия установленные в связи с возникновением заболевания бруцеллеза среди мелкого скота на территории сел Базартобе и Кызылжар Базартюбинского сельского округа Акжаикского района.

      2. Признать утратимшим силу решение исполняющего обязанности акима Базартюбинского сельского округа Акжаикского района от 17 августа 2015 года № 8 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Базартобе и Кызылжар Базартюбинского сельского округа Акжаикского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3992, опубликованное 27 августа 2015 года в газете "Жайық таңы") и решение исполняющего обязанности акима Базартюбинского сельского округа Акжаикского района от 8 сентября 2015 года № 11 "О внесении изменения в решение исполняющего обязанности акима Базартюбинского сельского округа Акжаикского района от 17 августа 2015 года № 8 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Базартобе и Кызылжар Базартюбинского сельского округа Акжаикского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4079, опубликованное 16 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Главному специалисту аппарата акима Базартюбинского сельского округа (Г.Исатаева) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
Базартюбинского сельского округа
Г.Исатаева

Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 5066 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 984 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағындағы ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 8 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3992 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешімінің және Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 11 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 8 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4079 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күштері жойылды деп танылсын.

      3. Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Исатаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Базартөбе ауылдық округінің
әкімінің міндетін атқарушы
Г.Исатаева