Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 3992 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 13.02.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 14 тамыздағы № 300 және № 301 ұсыныстары негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 08.09.2015 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Базартөбе ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Г. Исатаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады