Об установлении ограничительных мероприятий на улице К.Кожахметова Каргалинского сельского округа

Решение акима Каргалинского сельского округа Отырарского района Туркестанской области от 6 мая 2021 года № 12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 6 мая 2021 года № 6191. Утратило силу решением акима Каргалинского сельского округа Отырарского района Туркестанской области от 22 июля 2021 года № 21

      Сноска. Утратило силу решением акима Каргалинского сельского округа Отырарского района Туркестанской области от 22.07.2021 № 21 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании письма руководителя Отрарской районной территориальный инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 мая 2021 года № 129 аким Каргалинского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением заболевания "бешенство", установить ограничительные мероприятия на улице К.Кожахметова Каргалинского сельского округа.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Каргалинского сельского округа" акимата Отырарского района в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Отырарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Каргалинского сельского округа Е. Шынтереков

Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Отырар ауданы Қарғалы ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 12 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 6 мамырда № 6191 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Қарғалы ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 21 шешiмімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Қарғалы ауыл округі әкімінің 22.07.2021 № 21 шешiмімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 129 хатына сәйкес, Қарғалы ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Құтыру" ауруының шығуына байланысты Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Қарғалы ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауыл округі әкімі Е. Шынтереков