Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарғалы ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 12 "Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Қарғалы ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 21 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шілдеде № 23690 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 201 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Құтырма ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарғалы ауыл округі әкімінің "Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6191 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Отырар ауданы әкімдігінің "Қарғалы ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауыл округінің әкімі Е. Шынтереков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады