Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Костаная для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси)

Совместные постановление акимата города Костаная Костанайской области от 11 июля 2022 года № 1441 и решение маслихата города Костаная Костанайской области от 11 июля 2022 года № 130. Зарегистрированы в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2022 года № 28843.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 и подпунктом 9) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ и Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготу в виде бесплатного проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси), следующим категориям граждан города Костаная:

      1) участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      3) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      4) детям с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет;

      5) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа" и "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская Слава" I и II степени;

      6) лицам с инвалидностью первой и второй группы;

      7) лицам, сопровождающим детей с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным совместными постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 22.02.2024 № 2 и решением маслихата города Костаная Костанайской области от 22.02.2024 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Установить льготный проезд в размере на 10 тенге меньше от стоимости утвержденного тарифа для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси), следующим категориям граждан города Костаная:

      1) пенсионерам по возрасту;

      2) лицам с инвалидностью третьей группы.

      2-1. Установить льготный проезд в размере 50% от стоимости утвержденного тарифа для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям граждан города Костаная:

      1) детям в возрасте от 7 до 15 лет;

      2) лицам в возрасте от 15 до 18 лет.

      Сноска. Совместные постановление и решение дополнено пунктом 2-1 в соответствии с совместными постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 22.02.2024 № 2 и решением маслихата города Костаная Костанайской области от 22.02.2024 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее совместное постановление акимата города Костаная и решение Костанайского городского маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима города Костаная А. Исмагулов
      Секретарь Костанайского городского маслихата Б. Сандыбеков

Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 бірлескен қаулысы және шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 шілдеде № 28843 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      7) он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларды алып жүретін адамдар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 22.02.2024 № 2 және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 22.02.2024 № 84 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнынан 10 теңгеге кем мөлшерде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

      2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жол жүру жеңілдігі белгіленсін:

      1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;

      2) 15 пен 18 жас аралығындағы балалар.

      Ескерту. Бірлескен қаулы және шешім 2-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 22.02.2024 № 2 және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 22.02.2024 № 84 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы бірлескен Қостанай қаласы әкімдігінің қаулыcы мен Қостанай қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушысы А. Исмагулов
      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков