"Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 бірлескен қаулысына және Қостанай қалалық маслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 2 және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 84 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 10152-10 болып тіркелді

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 бірлескен қаулысына және Қостанай қалалық маслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28843 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларды алып жүретін адамдар.";

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:

      "2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жол жүру жеңілдігі белгіленсін:

      1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;

      2) 15 пен 18 жас аралығындағы балалар.".

      2. Осы бірлескен Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысы мен Қостанай қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Исмагулов
      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады