О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата "Об установлении специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности повышенные должностные оклады и тарифные ставки" от 9 июня 2020 года № 47-5

Решение Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 24 мая 2022 года № 19-8. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2022 года № 28314

      Жылыойский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жылыойского районного маслихата "Об установлении специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности повышенные должностные оклады и тарифные ставки" от 9 июня 2020 года № 47-5 (зарегистрированое в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4675) следующие изменения:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Об установлении специалистам в области социального обеспечения и культуры и спорта являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности повышенных должностных окладов и тарифных ставок";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "Установить специалистам в области социального обеспечения и культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, за счет бюджетных средств повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата С. Таласов

"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 47-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 19-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 маусымда № 28314 болып тіркелді

      Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 47-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы С. Таласов