Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 47-5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 4675 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2022 № 19-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2022 № 19-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ү. Жақашев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы С. Балжигитов
      Мәслихат хатшысының м.а Х. Жамалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады