Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін Жыланды ауылдық округінде тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қыркүйектегі № 15 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001ж. 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармақшасын және Қазақстан Републикасының 2002 ж. 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8 тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеренариялық - санитарлық инспекторының 2011 жылғы 07 қыркүйектегі № 28 ұсынысы негізінде, Жыланды ауылдық округінің әкіміШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жыланды ауылдық округінің "Жыланды" ауылына ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауыруының анықталуына байланысты, қойылған шектеу іс-шаралары және карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.

      2. Жыланды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 13 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      Жыланды ауылдық округі әкімінің А. Джунисбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады