Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 24 тамыздағы № 46/412 «Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу қағидасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/47 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 24 тамыздағы № 46/412 «Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-163 болып тіркелген, 2011 жылдың 1 қарашасындағы № 178-179 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 
      Сессия төрағасы                         Б.Боранбаев
 
      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 М.Молдағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады