Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 15-02/762 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 697 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын;
      2) күнтізбелік бес күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы                  Ұлттық экономика
      министрі                          министрі
      ___________ А. Мамытбеков         ___________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасы
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ____________ С. Айтпаева
      2015 жылғы _____ _________

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 тамыздағы  
№ 15-02/762 және     
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы 
№ 697 бірлескен бұйрығына
қосымша         

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір күші
жойылды деп танылған бірлескен бұйрықтарының тізбесі

      1. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7250 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы 660-665 (27057) санында жарияланған);
      2. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313, «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 18-03/269 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 174 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7767 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) санында жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы;
      3. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313, «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 8/72 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 29/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9240 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 196 (28419) санында жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады