Жамбыл облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысының әкімі 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2 "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген облыс әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3 Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 3 шешіміне қосымша

Жамбыл облысы әкімінің күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі

      1. "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға құжаттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 шілдеде № 1811 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды субсидиялауға қажетті құжаттар нысандарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 шілдеде № 1812 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдеде "Ақ жол" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады