"Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 658 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 365 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 22-1/113-И хатына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 658 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 23 желтоқсанында № 2438 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 қаңтарында № 6 "Ауыл жаңалығы-Сельская новь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбайұлы Қилыбаевқа жүктелсін.
      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны туралы әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      Аудан әкімі М. Шүкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады