"Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтердің берілген түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар және телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға ұсыну салаларындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тез жағдайларын ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1113 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтердің берілген түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар және телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға ұсыну салаларындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 6 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6038 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 наурызда «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
      1) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                                         А.Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады